Ақпараттық шақыру-хаты
30 қыркүйек күні сағат 10.00-де «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ «Балалар кітапханасы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің ресурсы ретінде» облыстық практикалық онлайн-семинары өтеді.
Облыс балаларына қызмет көрсететін балалар және балалар-жасөспірімдер кітапханаларының, бұқаралық кітапханалар филиалдарының меңгерушілері, әдіскерлері, кітапханашылары; Қарағанды қаласы мектеп кітапханаларының меңгерушілері шақырылады.
Семинар ZOOM платформасында өткізіледі.
Семинар бағдарламасы
| Уақыты | Тақырыбы және спикерлер |
| 10.00 – 10.03 | Семинардың ашылуы. «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы |
| 10.03 – 10.11 | «Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру: Қарағанды облысының балалар кітапханалары жағдайындағы жұмыс тәжірибесі, мәселелері және болашағы» — Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің басшысы Жүсіпова Сәуле Жаманбайқызы |
| 10.11-10.19 | «Жас оқырмандардың шығармашылық бастамасы және әдеби мүмкіндігін дамыту» — Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Смагулова Мадина Сағатқызы, |
| 10.19 — 10.27 | «Кітапхана және балабақша: табысты ынтымақтастықтың шегі» — Саран қ.ОКЖ-нің қаланың мектепке дейінгі мекемелерімен жұмыс тәжірибесінен. Саран ОКЖ № 3 кітапхана-филиалының аға кітапханашысы Түгелбаева Ботагоз Мұратқызы |
| 10.27 -10.35 | «Кітапханаға оқырман тарту мақсатында жұмыс жүргізу: инновациялық технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдер» — Шет ОКЖ Ақсу-Аюлы а. аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Қойшыбаева Арайлым Мұратқызы |
| 10.35 — 10.43 | «AutoPlay Media Studio8» және «Movavi Video Editor Plus» бағдарламасын пайдаланып, өлкетану электрондық әдістемеліктер, викториналар жасау» — практикалық сабақ — Абай атындағы ОБК инновациялық-әдістемелік бөлімінің кітапханашысы Әбдіғалым Мерболат Сағатұлы |
| 10.43 – 11.00 | Семинардың қорытындысы |
«Абай атындағы Қарағанды облыстық
балалар кітапханасы» КММ басшысы» ____________ Б.Қ.Уатаева
