Мамыр айында орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі оқырмандарының арасында «Фэнтези. Қорқыныштар. Мистика» тақырыбында интерактивті сауалнама жүргізілді. Бөлімде тақырыптық тақта орнатылды. «Фэнтези», «мистика», «қорқыныш» жанрларына қызығушылық танытқан кез-келген әуесқой «елестің» көмегімен өзіне ұнаған кітабына ұсыныс қалдыра алады.
Сауалнамаға 10 мен 16 жас аралығындағы 60 оқырман қатысты.
Е.Гаглоевтің «Зерцалия», «Пандемониум», «Пардус»; Д.Глуховскийдің «Метро 33»; С.Кингтің «Куджо»; Р.Л.Стайннің «Лагерь»; Н.Щербаның «Часодеи» кітаптары осы жанрдағы ең үздіктері болып табылды.







