8 желтоқсан күні Абай атындағы кітапханада Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұран-плакаттары қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Байқауға қаланың 20 білім беру мекемесінен 11-13 жас аралығындағы балалар қатысты, сайысқа 74 жұмыс ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Н.М.Мекеев — қазылар алқасының төрағасы; Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің бөлім меңгерушісі С.В.Черкаева, №2 өнер мектебінің оқытушысы С.Б.Цыбуля, ҚР мәдениет қайраткері, қоюшы-суретші, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық қазақ драма театрының көркемдік өндіріс бөлімінің меңгерушісі Ж.М.Садырбеков енгізілді.
Байқау жеңімпаздары:
Бас жүлде – Блялов Диас, №2 арнайы мектеп-интернаты, 6 сынып
І орын – Суртубаева Ляйля, «Таңшолпан» балалар үйі, 6 сынып
ІІ орын – Жунусов Рамазан, Н.Әбдіров атындағы №58 ЖББМ, 6 сынып
ІІ орын – Мерейұлы Аллаберген, №2 арнайы мектеп-интернаты, 5 сынып
III орын — Сейфуллина Ясмин, Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, 7 сынып
III орын — Кобасова Диана, Ғ.Мұстафин атындағы ЖББМ, 7 сынып
Номинациялар бойынша үздіктер:
«Ең креативті жұмыс» — Беркинова Инкар, №3 гимназия, 8 сынып
«Әсерлігі үшін» — Джиоева Карина, «Әсем» балалар үйі, 5 сынып
«Ең үлкен плакат» — Ушкаленко Карина, Гумирова Алена, Хорошилова Полина, Хорошилова София, Шәкәрім атындағы гимназия, 9 сынып
«Ең ықшам жұмыс» — Сарқыт Ерке, Сәкен.Сейфуллин атындағы гимназияның 8 сынып оқушылары.
«Көркемдік шеберлігі үшін» — Шарипов Тимур, №78 НОМ, 6 сынып
«Бірегей мәні үшін» — Малеева Виктория, №2 өнер мектебі, 7 сынып
Ынталандыру сыйлықтарын алғандар: Заимбаева Алана, №48 ЖББМ, 6 сынып; Совет Нұрқайыр, №104 мектеп-гимназия, 6 сынып; Краснощекова София, №48 НОМ, 6 сынып; Трушников Сергей, «Таңшолпан» балалар үйі, 6 сынып; Свирид Ринат, «Әсем» балалар үйі, 5 сынып.
«Белсенді қатысқаны үшін» номинациясында С.Сейфуллин атындағы гимназия жеңімпаз болды, гимназиядан 15 жұмыс ұынылды.
Жеңімпаз балаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Құттықтаймыз!!!


















