16 наурызда Абай атындағы балалар кітапханасында «Оқырман күні» мерекелік — марапаттау бағдарламасы — Балалар кітабы апталығының салтанатты жабылуы өткізілді. Әрі қарай оқу
Үздіктердің үздігі


16 наурызда Абай атындағы балалар кітапханасында «Оқырман күні» мерекелік — марапаттау бағдарламасы — Балалар кітабы апталығының салтанатты жабылуы өткізілді. Әрі қарай оқу

15 наурызда Балалар кітабының апталығы №17 ЖББМ 3-4 сынып оқушыларымен өткізілген «Ертегілік лабиринт» әдеби квестімен жалғастырылды. Әрі қарай оқу

Кітапханада наурыз айының 14-і күні №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларның қатысуымен «Алтын қалам» мен «Дарабоз» әдебиет бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Төкен Әлжантегі және журналист, өлке тарихын зертеуші Төрехан Майбас пен шығармашылық кездесу кеш өткізілді. Кеш қонағы Т. Әлжантегі бірнеше кітаптың авторы, жазушы, драматург, ақын және сазгер ретінде Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал, халықаралық Махмұд Қашқари атындағы сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері. Жазушы өз ойларын ортаға салдып, «Жаңаарқа вальсі» әнінің шығу тарихына тоқталды. Әрі қарай оқу

14 наурызда № 16,66, және 88 ЖОББМ бастауыш сынып оқушылары мен әдебиет саласындағы халықаралық және республикалық сыйлықтардың лауреаты, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, «С.Я.Маршактың алтын қаламы» медалінің иегері, балалар жазушысы Елена Пономаренкомен «Жолдан жолға» шығармашылық кездесуі өткізілді. Әрі қарай оқу

Балалар кітабы апталығының жалғасы ретінде наурыз айының 13-і күні “Кітап менің сенімді досым” атты танымал кітаптар мерейтойында Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы және М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі желісінде көркемсөз іс – шарасы ұйымдастырылды. Әрі қарай оқу

Ежелгі заманннан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түн болады. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Әрі қарай оқу

Балалар кітабының апталығы — біздің кітапханамыздың Қарағанды балаларына арналған жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарасы.
Аптылықтың екінші күні «Мерейтойлық кітаптарыдың парақтары бойынша» 2018 жылғы мерейтойлық кітаптарға арналды. Әрі қарай оқу

Кітапханада 12 наурызда «Сәлеметсің бе, кітап мерекесі! Здравствуй, книжкин праздник!» Балалар кітабының апталығы ашылды.
Мерекеге «Гвоздичка» балабақшасының балалары, «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері, № 95 гимназияның 3 сынып оқушылары қатысты. Әрі қарай оқу

Кітапханада 11 наурызда «English through games»- «Английский через игры» үйірмесінің қызықты да танымдық сабағы өткізілді.
Оған әр жастағы балалар қатысты. Сабақ тақырыбы «My Hobby». Сабақ өте қызықты болды. Аталған тақырыптағы әртүрлі бейнематериалдар пайдаланылды. Балалар оқытушымен бірге ән салды, сөйлесу барысында «I like, I don’t like» секілді сөздерді қолдануды үйренді, әртүрлі ойындардың көмегімен жаңа сөздерді естеріне сақтады.

Кітапханамызда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Мерекеңмен, анашым!» атты әдеби ойын колейдоскобы өткізілді.
Мерекелік іс-шараға қаламыздағы №15 ЖББОМ 2 «В» сынып оқушылары келіп қатысты.
Іс- шара барысында Халықаралық әйелдер күні мерекесінің шығу тарихы жайлы қысқаша презентация көрсетіліп, мақалдың жалғасын тап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар ұлдар сыныптас қыздарына арнап өлең шумақтарын оқып, ару қыздарымыз мың бұрала би биледі. Мерекелік бағдарлама соңында оқушылар «Ақ мамам» әнін шырқады және кітапханамыздан естелікке сыйлықтар алды.