Archive 25.07.2018

Латиница – веление времени

В очередной раз, 25 июля, библиотекари организовали для жителей и гостей города акцию «Латиница – веление времени». На центральном проспекте города имени Бухар жырау прохожим раздавались флаеры «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» с основными тезисами о переходе казахского языка на латиницу. Әрі қарай оқу

Көңілді ғылым

Кітапхана оқырмандары 24 шілдеде кітапханашы бейнесіндегі нағыз сыйқыршыны көрді. Бұл үшін тек қолдың икемдігі мен шексіз қиялдай алу ғана қажет болады. Ал қалғандары ғылыми жолмен жасалады. Әрі қарай оқу

Көңілді ғылым. Содамен эксперименттер жасау

Біздің оқырмандарымыз көп білуге өте құмар. Олардың әрқашанда білгілері келеді. Кітапхана залы 17 шілдеде ақылды да жас зерттеушілердің шағын зертхансына айналды. «Гвоздичка» балабақшасының балалары соданы қолдана отырып жасалатын ғылыми эксперименттерге қатысты. Әрі қарай оқу

Алқоңыр дүние

Кітапханада шілде айының 11 күні қазақ поэзиясында өзіндік айрықша қолтаңбасы бар ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Алқоңыр дүние» атты әдеби кеш өткізілді. Шараны ақын Жәлел Қуандықұлы жүргізді. Әрі қарай оқу

Болашақ және латын әліпбиі

Қарағанды облысында қазақ тілін латын қарпіне көшіруді насихаттауға арналған бекітілген іс-шаралар аясында кітапхана 11 шілдеде №44 ЖББО мектеп жанындағы 2-3 сынып оқушыларымен бірлесе «Болашақ және латын әліпбиі» атты таныстыру сағат өткізді.

Балалар латын әліппесіндегі Q әріпін Қарағанды облысында танымал ету бойынша әзірленген брендбукты пайдалана отырып «Қарағанды,оқы» және т. б. сөздерді  латын әліпбиін пайдалана отырып жазып үйренді.

Қазақтың ұлттық киімдері

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», — деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерін таныстыру мақсатында кітапханада 10 шілде күні «Қазақтың ұлттық киімдері» атты таныстыру сағаты №50 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Шараға байланысты «Қазатың дәстүрлі киім-кешегі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Балаларға бас киімдер (тақия, қалпақ), сәукеле, кимешек, камзол, шалбар, шапан, ішік (тон), аяқ киімдер (мәсі, саптама етік) және т.б. ұлтық киім түрлері «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақ киімі» атты кітаптардан көрсетілді.

Қызықты ғылым. Ғажайып құм

10 шілдеде кітапханада «Қызықты ғылым» танымдық күні аясында «Смайлики» атты мектеп жанындағы лагерь, №11 негізгі орта мектеп және №17 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қызықты ғылым. Ғажайып құм» атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы оқушыларға құм туралы қысқаша түсінік беріп айтып өтті.

Сондай-ақ балаларға құмды пайдалана отырып әйнекке қалай сурет салуға болатыны көрсетіліп, бейнеролик көрсетілді.