Archive 05.07.2018

Әдебиет апталығы

Бейсенбі-Кітапханада жаңа әдебиеттер күні.

«Смайлик» атты жазғы лагерьде демалушы балалар және №15 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысумен кітапхана қорына жаңадан түскен қазіргі заманғы, ғылыми-танымал, қызықты кітаптарға шолу жасалды.

Шолу соңында балалар ғылым әлемі туралы қызықты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақтар құрады.

Ару қала, арман қала, бас қала – Астана

Тәуелсіз еліміз Қазақстан биыл елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өттіп жатыр.

Мерейтойлық мерекені тойлау қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ару-кала, арман қала, бас қала — Астана» атты ойын-сауық бағдарламасыөткізілді. Бұл мерекеге Қазыбек би ауданындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің және «Нова» талант орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Әрі қарай оқу

Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар

Шілде айының 3 күні «Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар» танымдық күні аясында «Смайлики» оқу орталығының «You can» атты мектеп жанындағы лагер және №3 гимназия, №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар ғалымдарға ұқсап, магнитті пайдалана отырып, тәжірибе жүргізіп үйренді.

Аталмыш шарада оқушылар кез-келген қозғалыстағы заряд айналасында магнит өрісін тудыратынын, сол себепті зарядталған сымның айналасында магнит өрісі болатыны туралы білді. Магниттің көмегі арқылы шағын темірлерді жапсырып көрді. «Магнит» атты танымдық мультфильм тамашалады.

Жолбарыспен әңгімелесу

Балалар әдебиеті әрдайым балаларға да, ересектерге де ұнайды. Ересектер тіпті балалық шағы туралы еске түсіріп, сол арқылы өздеріне жақсы көңіл – күй сыйлайды.

Кітапханамыздың «Күншуақ» бөлмесінде кезекті дауыстап оқылымда Дональд Биссеттің «Жолбарыспен әңгімелесу» атты кітабы таныстырылды. Д.Бисеттің шығармашылығы Лондон телеарнасына және балалар бағдарламасына ертегілер жазудан бастаған. Автордың кітаптары кез-келген жаста оқылатын сиқырлы кітаптардың тізімінен үнемі табылып келеді. Әрі қарай оқу

Жаңа кітаптарға шолу

Жазғы демалыс уақытында балалар танымдық қызықты әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Осы орайда кітапхана қызметкерлері 28 маусымда кітапхана қорына келіп түскен жаңа әдебиеттерге шолу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.

Шолуға №23, №66 мектеп жанындағы жазғы лагерьде демалушы балалар қатысты. Балалар «Рыцариведение», «Шпионология», «Драконоведение» және т.б жаңа кітаптармен танысты.

Қызықты ғылым

26 маусымда кітапханада «Қызықты ғылым» танымдық күні аясында «Смайлики» атты мектеп жанындағы лагер және №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» семинары

2018 жылғы 20 маусымда облыстың балалар кітапханаларының үздік өлкетану іс-тәжірибесімен алмасу мақсатында Жезқазған ОКЖ С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасының базасында «Кітапханалық өлкетану – «Туған жер» арнайы жобаны насихаттаудың факторы» көшпелі семинары өткізілді, оған Жезқазған, Ұлытау, Сәтбаев ОКЖ, Сәтбаев қаласының БЖК және мектеп кітапханалырынан 67 кітапханашы қатысты. Әрі қарай оқу

Бақытты балалық шақ елінде

Жайдарлы жаз! Облыстық балалар кітапханасында «Жаз.Балалар.Кітап» балалар алаңыжұмысын жалғастыруда, оның мақсаты жазғы демалыстарда балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, қызықты және шығармашылық үдеріс ретінде оқуға деген қызығушылықтарын қолдау және дамыту. Әрі қарай оқу

Удивительное рядом: предметы прошлого

Мир полон удивительных вещей, есть вещи современные, есть предметы нужные, а есть предметы забытые.

Во время познавательного часа «Путешествие во времени» в рамках «Дня занимательных фактов» 19 июня ребята пришкольного лагеря «Смайлики» и воспитанники детского сада «Гвоздичка» узнали о технических предметах, вышедших из обихода. Әрі қарай оқу

Өнер күні

Өнерді жақсы түсінетін адам зиялы және көп оқыған адам ретінде танылады. Сондықтан баланың сұлулыққа деген сүйіспеншілігін кішкентай кезінен тәрбиелеу өте маңызды, өйткені ол сезімтал әрі білімді болып ержетеді. Бірақ баланың қызығушылығын тудыру үшін өнер туралы қалай әңгімелеуге болады? Әрине, кітап арқылы. Әрі қарай оқу