18 наурыз күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Жанартау» және «Перғауын жыланы» атты шеберлік сыныбы өтті. Балалар жанартау атқылы мен перғауын жыланның қалай пайда болатынын тамашалады. Жасанды жанартау және перғауын жыланы таңғажайып қасиеттерімен балалар мен ересектерді де таң қалдырды.
Өткізілген зертханалық тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, балалардың бақылау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға ата-анасымен және достарымен дәл осындай тәжірбиені үйде жасауға ұсынылды.
Зертханалық тәжірибе соңында қызықты химия бойынша кітаптар мен журналдарға тақырыптық шолу жүргізілді.
Алинкадан жаңа идеялар
Тағы да біздің қонағымыз — біздің кітапхананың үлкен досы, мұғалім, журналист, ақын, балалар жазушысы — Наталия Инжевская.
Ол кітапханаға балалармен кездесу үшін ғана емес, сонымен қатар «Алинкадағы идеялар» сериясының 6 жаңа кітабын: «От туралы», «Олар туралы» және төрт жаңа түсінік «Софиге арналған ертегілер» ұсынды. сол серия: «Егер дос жақын болса», «Көктем самалы», «Анаға арналған ең жақсы гүл», «Снежинкалар».
Наталия жас қарағандылықтарды, олардың ата-аналары мен Тәттімбет колледжінің кітапхана бөлімінің студенттерін кішкентай фиджет әлеміне баурап алды, достар тауып, оларға білетіні мен жазғанын айтуды ұнататын Алинка қыз, және барлығымен жылы жүзбен бөлісті оның жұмысы.
Стильділігі мен түрлі-түсті иллюстрациялары бар керемет кітаптар кітапхананың кішкентай оқырмандарын қызықтырады, оларды қарағандылық суретші Роксана Петрова суреттейді және автор тек поэтикалық емес, прозалық түрде жазады.
Наталья қатысушылармен өзінің шығармашылық жоспарларымен бөлісті, сұрақтарға жауап берді.
«Түсініктер …» үзінділерін тамаша оқығаны үшін автор Д.Әбиевке, А.Македонецке және А.Леонковаға өзінің қолтаңбасы бар кітаптарын сыйға тартты.
Қорытындылай келе, Наталия кітапханаға жаңа басылымдарды ұсынды.
«Ұлттық киім трендте»
Наурыз мейрамы қарсаңында 18 наурызда №20 ЖББОМ-тің 5 сынып оқушылары үшін «Ұлттық киім трендте» атты кітапханалық ай-стоппер өтті.
Іс-шара басталмас бұрын балаларға кітапханада экскурсия жүргізілді.
Шара барысында қазақ халқының ұлттық киімдерінің құндылығы, олардың түрлері мен атаулары туралы айтылды. Балалар киімнің, аяқ киімнің және бас киімнің ерекше стилі мен безендірілуі туралы көптеген пайдалы және қызықты ақпараттармен танысты.
Шара соңында балалар «Қазақ халқының ұлттық киімдері» атты бейнеролик тамашалады.
Іс-шараның қосалқы жүргізушісі Тәттімбет атындағы Қарағанды көркемсурет колледжінің үшінші курс студенті Камшат Аукешова болды.
«Киіз үй»
ҚР Үкіметі бекіткен «Наурыз шуағы» тұжырымдамасы аясында 17 наурыз «Тарихқа тағызым күні» деп белгіленген.
Осы айтулы күнге орай Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 17 наурыз күні сағат 14.00-де «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті.
Іс — шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру.
Киіз үй жасау өнері — ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындысы.
Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ жайы. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Ата-бабаламыздың негізгі баспанасы — киіз үй, қазіргі уақытта жас оқырмандар арасында ерекше қызығушылық тудыруда.
Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды. Тренингке №20 ЖББОМ-тің 7 сынып оқушылары қатысы, балалар киіз үйді құрастыруға атсалысты.
«Қыздар сұлу көрінер көркіменен»
Наурыз айының 4 күні аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесіне орай «Қыздар сұлу көрінер көркіменен» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сыныптың оқушы қыздары және арнайы қонаққа «Azizas AS» студиясының негізін қалаушы Азиза Сахиқызы және шәкірті Ақмаржан Сурапова қатысты.
Қонақтар сыртқы сұлулықтың ең басты мәселелерінің бірі – бет күтімі мен шаш күтімі жайлы сұхбат жүргізіді. Қыздарға бет терісі мен шашқа қалай күтім жасау туралы пайдалы кеңестер айтылды.
Шара соңында қонақтарымыз ең белсенді қатысушылар Сабина Касымжан мен Медина Айтжановаға «Azizas AS» студиясына тегін сертификатын табыстады.
«Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша жалпы республикалық іс-шаралар шеңберінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты телекөпір өтізілді. Жамбыл облыстық Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұжымы қашықтан телебайланысқа шықты.
Онлайн шара ақын шығармалары арқылы жас ұрпақты патриоттық сезімге баули отырып, саф поэзияға, әдебиетке қызығушылығын ояту және тәлімі терең туындылармен тәрбиелеу һәм адамгершілікке дағдыландыруды мақсат тұтты.
Шараға Қарағады қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты мен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатыны мен Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушылары, ұстаздары қатысты.
Шара барысында балалар Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қабілеттерін байқатты. Тағдырдың жазуымен зағип болса да, өмірге құштар жас композитор, күйші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрдәулет Сағатбек ұлттық музыка саңлағы Н.Тілендиевтің Жамбылдың 100 жылдығына арнап жазған әйгілі «Ата толғауы» күйін күмбірлете орындады.
– Ақын шығармаларының шоқтығы биігі – айтыстары деп айтамыз. Жамбылдың Құлманбет, Досмағанбет, Сарыбас, Бақтыбай, Бөлтірік, Жүнісбай, Айкүміс, Бөлектің қызы, Шашубаймен айтыстары суырыпсалмалық өнерінің биікке шарықтағандының айғағы.
Осындай аламан айтыстардың ішінде Айкүміспен айтысы қыз бен жігіт айтысының һас үлгісі деп баға береді әдебиеттанушылар. Ал, Жамбылдың Айкүміспен айтысын Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының дарынды оқырмандары Бақытбек Мейіржан мен Жәния Тұрғынбекқызы тарту етіп, көпшілікті тарих қойнауындағы мөлдір бұлақтан сусындатты.
Ал, кітапхананың оқу залында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, жұртшылық жүз жасаған жыраудың жалынды жырлары мен әдебиеттанушылардың зерттеулері жинақталған кітаптар жайлы толымды мәлімет алды.
Болашаққа бағытталған көзқарас
2021 жылы қазақ зиялыларының қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, көрнекті қайраткері, Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту қарсаңында кітапхана Алашорда көшбасшысына арналған «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты бейне дәрісін дайындады.
ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында елімізде орын алған ауқымды тарихи оқиғалардың қатысушысы болған Әлихан, тәуелсіздік үшін көп іс тындырды. Ә. Бөкейханов өз іс-әрекеттері мен идеяларымен Қазақстанның тарихи дамуының негізгі векторларын алдын ала анықтады. Оның көзқарасы әрқашан болашаққа бағытталған.
Бейнедәріс сабағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Л. К. Шотбакованың қатысуымен ұйымдастырылды.
Дәріскер Ә.Бөкейхановтың өмірінің негізгі кезеңдері, оның түрлі салалардағы қызметі туралы өте қызықты айтып берді.
Оқырмандар Әлиханды ірі ғалым, публицист, этнограф және абайтанушы ретінде жаңаша көзқараспен қарауына мүмкіндік туды.
Бейнедәріс сабақ материалдарымен әр оқырман кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таныса алады.
Саяхат
Кітапханада оқу сауаттылығы апталығы аясында балаларды кітап оқуға тарту және қызығушылығын арттыру мақсатымен наурыз айының 2-сі күні С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің 5 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен экскурсия өткізілді.
Балалар кітапхананың ережесі және тарихымен таныса отырып, оқу залында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы», «Туған өлке-тұнған тарих», «Ұлт Көсбасшысы ұлы тұлға», «Бір ел – бір кітап» атты кітап көрмелерімен танысты. Саяхатқа келген балалар, кітапханаға жазылып және жақсы әрі ұқыпты оқырман болуға ниет білдірді.


















































