Archive 19.07.2021

«Сахна саңлағы» бейнесұхбат

Кітапханада шілде айының 19 күні жаз мезгілінде балаларды бос уақытын қамту және дамыту картасы бойынша жасалған жұмыс жоспары аясында «Таңғажайып әлем!» тақырыптық блок шеңберінде ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Кеңес Нарымбайұлы Жұмабековпен «Сахна саңлағы» атты онлайн әңгіме өткізілді.
Жүздесу барысында актердың балалық шағынан қазіргі кезеңдегі дара жолына дейін баяндалды. Сұхбат кезінде актерС.Сейфуллин театрына келуі, ойнаған рөлдері, болашақта қандай рөлдерді ойнағысы келетініне де тоқталып кетті. Сонымен қатар өзінің қаламынан шыққан театр актерлары жайлы кітаптары, драматург ретінде жазған «Замана, неткен тар едің», «Қазыбек би», «Көмекей әулие» атты қойылымдары жөнінде сөз етті. Кеудесі сырға толы, нұрлы жүзді К.Жұмабековпен кездесу қызықты, мазмұнды өтті.
Кітапхана ұжымының атынан қонаққа Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» атты кітап табыс етілді.

IMG_4595
IMG_4601
IMG_4602

Әдеби денсаулық

Құрметті достар! Біздің жазғы оқу залы «Әдеби денсаулық» атты ұсынымдар калейдоскопын ұсынады. Бұл көру және бірлескен оқу арқылы балалардың салауатты өмір салтының негізін қалыптастыруға көмектесетін кітаптар мен мультфильмдерден алынған өзіндік дайын рецепт.

Құрметті жас оқырмандар!

Сіздерге «Мейірімділік –ол ізгілік» онлайн әңгімесі аясында, Ермек Өтетілеуұлының балаларға арналған өлең жолдарымен жазылған, түрлі-түсті суреттермен безендірілген «Әдептілік-әдемілік» кітабын назарларыңызға ұсынамыз.
Әдепті адам әрқашан әдемі. Өйткені ол өзінің киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
Кішкентай оқырман! Егер де әдептілік әлеміне қызықты саяхат жасағың келсе, міндетті түрде кітапханамыздан «Әдептілік-әдемілік» кітабын алып оқуыңа кеңес береміз.
Кітап өте жеңіл, тез, қызықты оқылады.

Ұлттық домбыра күні

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күніне орай кітапханада «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты онлайн-сұхбат өткізілді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде №32 ЖББМ көркем еңбек пәнінің ұстазы Ержан Тұрсынов шақырылды.
Қонақ оқырмандарға домбыраның құрлысы туралы толық мағлұмат беріп, ұлттық аспаптың, пернелері, мойыны, ішегі, шанағы, тиегі, құрылысын түсіндірді. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған, қос ішекті шертіп ойнайтын аспабы.
Кездесу соңында Ержан Әдішұлы И.Жақанов пен Ш.Қалдаяқовтың «Балқан таудың баурайында», «Қара көзім» әндерін домбыраның сүйемелдеуімен нақышына келтіре орындады.

1
3
IMG_4607
IMG_4610

https://www.instagram.com/tv/CQ0Fy61KXU5/?utm_medium=copy_link

«Жаз. Балалар. Кітап»

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, жазғы оқу залы өткізілді.
Жазғы шараның мақсаты — балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Онда № 9 мектеп гимназиясы мен Ғ. Мұстафин атындағы ЖББОМ № 83 мектеп оқушылары жаңа кітаптармен танысып, асфальтта түрлі суреттер салды.
Балаларға кітапхана ішінде экскурсия жүргізіліп, әдеби викториналар мен зияткерлік ойындар ойнатылды.
Мерзімді басылымдар және кітаптармен танысқан балалардың қуанышында шек болмады.
Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы өте зор. Өйткені, кітапты көп оқыған адамның өмірі мәнді де, сәнді өтеді.

IMG_4571
IMG_4574
IMG_4577
IMG_4578
IMG_4579
IMG_4581
IMG_4582
IMG_4585
IMG_4588
IMG_4593

«Білгенге маржан»

Қарағанды — кеншілер қаласы. Оның үлкен тарихы бар және біз оны білуге міндеттіміз.
ЖББОМ №48 мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің балаларына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында кезекті «Білгенге маржан» атты жаяу өлкетану серуені өтті.
Қаланың орталығындағы өзіндік тарихы бар бұл көше өткен ғасырдың 50 — ші жылдары қалыптаса бастаған және 2019 жылға дейін Бейбітшілік Бульвары көшесі болып аталған.
Балаларға жетекші – гид Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ескі мектебі, онда орналасқан театрлар мен ескерткіштер, бос уақыт өкізетін демалыс орындары туралы және басқа да керекті ақпараттар берді.
Жаяу өлкетану серуені Бұқар жырау мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының қиылысынан бастап, Қазыбек би ескерткішіне дейін өтті.

1
2
3
5
6
7

Ұлттық мәдениет күні. «Бесікке салу рәсімі».

Кітапханада ұлттық мәдениет күні аясында №1 гимназия және Ә.Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушыларының қатысуымен «Бесікке салу рәсімі» атты таныстыру сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларға қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, мүлік санағандығы жайлы әңгімелеп берді. Бесік туралы түсінік беріп және оның жабдықтарымен таныстырды. «Тыштырма» дәстүрін көрсетіп, бесік жырын айтты.
Қазақтың салт-дәстүрімен танысу балаларға қызықты болды.

IMG_4365
IMG_4375
IMG_4381
IMG_4384
IMG_4386
IMG_4390
IMG_4393
IMG_4396
IMG_4407

«Отты жазу» танымдық тәжірибесі

Кітапханамыздың белсенді оқырмандары мен №59 мектеп оқушыларына Қызықты деректер күні аясында кітапханашының қадағалауымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Отты жазу» тәжірибесі өтті.
Бұл шара балалардың қызығушылығын оятты. Не себепті жазу отпен жазылады? – деген сұрақ қатысушыларды ойландырды.
Оқырмандар калий нитраты (KNO3) — деп аталатын химиялық элементпен танысты. Кітапханашы белгілі бір мөлшерде калий нитратының концентрацияланған ерітіндісі дайындады. Қағаз парағындағы контурлық үлгіге қылқаламды пайдаланып, суреттің контуры бойымен калий нитрат ерітіндісін сіңдіре отырып тәжірибе жасады.
Құрғаған қағаз парағындағы контурлық үлгіні сіріңке арқылы тұтатып ОТТЫ ЖАЗУ нәтижесін көрді.
Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре алатын таңғажайып, түрлі-түсті, қызықты эксперименттік жұмыстарды жасау және бақылау жас жеткіншектерге ұнады.

1
2
3
4
5
6

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал балалар сазгері және ақыны – Мельникова Людмила Евгеньевнамен әңгіме — сұхбат

Бүгін Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал балалар сазгері және ақыны, кітапханамыздың жақын досы – Мельникова Людмила Евгеньевнамен әңгіме — сұхбат түрінде керемет кездесу өтті.
Әңгеме барысында композиторлыққа қалай келгендігі, өлең жазуды қашан бастағаны, әндері қай тілдерде шырқалатындығы және шетел елдерінде қандай әндері танымал болғандығы туралы сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, оқу мен кітаптың өзінің шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына себеп болғандығы және алда қойған жоспарларымен бөлісті.
№30 ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Тойшыбекова Лунара балалар ақынының «Мамочка моя» әнін орындап, «Город наш — Караганда» өлеңін оқып берді.

«Толықтырылған шындық»

23 маусым күні кітапханамызда «Толықтырылған шындық» ойын-әңгімесі №8 «ЖББОМ», №51 «ҚББМО» мектеп жанындағы жаздық лагерінің балаларына өткізілді.
Оқушылар «Астана», «Анатомия», «Любимые животные и птицы в странах мира», «4D опыты и эксперементы», «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты виртуалды кітаптармен танысты. Ұялы телефонның көмегімен кітаптағы толықтырылған шындық технологиясы арқылы шынайы өмірде сирек кездесетін таңғажайып жануарлар мен динозаврлар, адам ағзаларының құрлысын 3D нұсқада тамашалады.

1
203757732_2841705649380294_4438177975815632650_n
204379866_2841705526046973_7765350091006492963_n
204594963_2841705546046971_784091812716431347_n
204801101_2841705486046977_6414180002362331916_n
205117439_2841705602713632_5269826196392337569_n
205220681_2841705716046954_7948836943188818350_n
205982697_2841705616046964_8137870470539453674_n