Archive 20.02.2022

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің досым» атты тақырыпта өтті. Үйірме жетекшісі балаларға шын дос қандай болу керектігін түсіндірді. Сабақ соңында «Нағыз дос» бейнеролигін тамашалады.

IMG_8246
IMG_8258
IMG_8261
IMG_8264
IMG_8265
IMG_8272

Абай атындағы балалар кітапханасы

Қарағанды қаласының тұрғындары және жас оқырмандары үшін қуанышты жаңалық. Себебі, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының маңдайша жазуы жаңадан орнатылды. Осыған орай демеушіміз «Нәтиже» компаниясына және «Qasym баспа үйі» баспасына шын жүректен шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

Кітап сыйлау күні

Кітапханада дәстүрлі кітап сыйлау күні өтті.
Акцияның басты мақсаты балалардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.
Осы айтулы мерекеге арнап бүгін кітапханашылар тұрақты оқырмандарымызға кітап сыйлады.
Сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері Абай атындағы мектеп-гимназиясының кітапхана қорына 20 дана кітаптар мен бірнеше дана журналдар сыйлады. Рухани қазынаның қайнар бұлағы-кітап демекші, кітапқұмар оқырмандарымыз көп болсын.
Мереке құтты болсын, қымбатты балалар!

IMG_8127
IMG_8145
IMG_8149
IMG_8151
IMG_8155
IMG_8157
IMG_8167
IMG_8175
IMG_8177
IMG_8182
IMG_8203

«Сторис түсір – жүлде аласың» акциясы

Біздің оқырмандар бейнеролик түсіруді, блог жүргізуді, әлеуметтік желілерде белсенді болуды жақсы көреді. Біз оларға «Сторис түсір – жүлде аласың» атты кітап пен оқуды ілгерілету бойынша кітапханалық акцияны ұсындық.
Балалар 7-11 ақпан аралығында Instagram әлеуметтік желісіне өздерінің кітапханадан алған әсерлері туралы сторис салды, бізді де атап өтті және жүлделерге ие болды.
Белсенді қатысқан оқырмандар Алла Шалимоваға, Айкен Толысқа, Іңкəр Қаратайға, Алуа Мишелеваға, Владислав Островскийге, Даниил Абиевке, Акерке Дуйсековаға, Милана Тангиеваға, Жайна Ыбраймға, Перизат Инкарбаеваға «рахмет» айтамыз.
Жарайсыңдар құрметті оқырмандар!!!

386f7977-8abf-4706-8733-bdf13a85b1d0
b1c57bd6-62aa-4dbe-81bc-41810f810f9f (1)
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.22
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.23 (1)
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.23
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.25
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.27
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.29
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.31
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.34
WhatsApp Image 2022-02-11 at 15.59.35

Жастар Әдебиеті Шеберханасы-2022

Жастар Әдебиеті Шеберханасы-2022

Проза жазуды ұнататын болсаңыз, шеберханамызға қош келдіңіз!

Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебі Қазақстанда тұратын 15-21 жас аралығындағы авторлар үшін жазушылық шеберлікке үйрететін тегін онлайн курс ұсынады. Сабақтар 2022 жылғы наурыз-маусым айларында айына екі рет (жексенбі күндері), Zoom бағдарламасында екі сағат бойы қазақ тілінде өткізіледі.

Қатысушылар жастарға қызықты жанрлардың заңдылықтарымен, әңгіменің композиция түрлерімен танысып, психологиялық, мистикалық, фантастикалық, шытырман оқиғалы, детективті әңгімелерді, постмодернистік ертегілерді жазып үйренеді, бір-бірінің әңгімелерін оқып, талқылайды және орысша жазатын құрдастарымен кездеседі.

Шеберханада жазылған үздік шығармалар курстың соңында жарияланатын жинаққа енеді. Әр авторға кітап даналары, сондай-ақ, сертификат беріледі (Алматыдан тыс тұратындарға пошта арқылы жіберіледі).

Курсымызда тек 15 қана орын бар!

Байқауға қатысу үшін наурыздың 15-іне дейін litshkola@gmail.com поштасына қазақ тілінде жазылған бір әңгіменізді жіберіңіз. Көлемі Microsoft Word файлындағы 3 беттен аспауы керек. Сонымен қатар бұл файлда үміткердің өтінімі және «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссе (көлемі жарты бет) болуы керек. Хат тақырыбы – «Шеберхана».

Өтінімде үміткердің аты-жөні, жасы, тұратын мекені, мекенжайы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), ұялы телефоны, e-mail көрсетілуі тиіс.

Жастар Әдебиеті Шеберханалары – Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әдебиет Мектебінің «Шеврон» компаниясы, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы, American Space Almaty әлеуметтік алаңымен бірлескен жобасы.

Экскурсия

14 ақпанда «№63 ББМ» КММ 8-сынып оқушылары үшін «Кітапхана достарымен кездеседі» атты танысу әңгіме-экскурсиясы өткізілді.
Балаларға кітапхана залдарын аралау, кітап қорымен және көрмелермен танысу ұсынылды, сонымен қатар кітапты пайдалану ережелері, онлайн көрсетілетін қызметтер, үйірме және клуб жұмыстары туралы айтылды.
Экскурсия барысында балалар Қарағанды қаласы күніне арналған «Сен тұратын қала» интерактивті викторинаға қатысты.

IMG_8184
IMG_8193
IMG_8208
IMG_8217

Құрметті достар!

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күні орай кітапханаға сәлемдеме келді. Сәлемдемені Алматы қаласынан пошта арқылы белгілі балалар ақыны Жақан Смақовтың қызы Манат Жақанқызы жіберді. Кітапхана қоры ақынның «Балапан», «Көктем күні көңілді», «Туған жерім — Ақдала», «Жақан Смақов шығармалары» жинақтарымен толықты.
Смақова Манат Жақанқызына сыйға тартқан кітаптар үшін алғыс білдіреміз және отбасына амандық тілейміз!

photo_2022-02-15_09-43-53
photo_2022-02-15_09-43-54

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Кітапты сүйіспеншілікпен сыйла!» акциясы ұйымдастырылды.

Кітап мәртебесін көтеру мен балаларға кітап оқуды насихаттау үшін ұйымдастырылған акция аясында Кеншілер мәдениет сарайы басшысының м.а. М. Қаратай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Тәуелсіз елім – тірегім» атты патриоттық әндер жинағын және «Qasym баспа үйі» баспасы О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» Ю. Казаковтың «Арктур — құмай тазы», С.Мұратбековтің «Қылау», Б. Соқпақбаевтың «Аяжан», А.Сент — Экзюперидің «Кішкентай шахзада» кітаптарын қорға тарту етті.

photo_2022-02-15_09-43-51
photo_2022-02-15_09-43-52

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан күні

Кітапханада Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару күніне арналып Ауғанстан соғысына қатысушылармен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының көмекшісі, полиция полковнигі С.Ж.Тоқтабеков және запастағы сержант, «Ардагер» Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының мүшесі И.Г.Молодов арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Қонақтар мектеп оқушыларына соғысқа қалай келгендерін, кеңес жауынгер-интернационалистер интернационалдық борышын өтеу кезінде қандай адамгершілікке жатпайтын сынақтардан өткендері туралы айтып берді. Жас оқырмандар құрметті қонақтарға әдеби поэтикалық сыйлық әзірледі. Кездесу соңында И.Г.Молодов кітапхананың кітап қорына ауған майдандарында хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеуге арналған бірегей басылымды сыйға тартты.

IMG_8062
IMG_8078
IMG_8081
IMG_8084
IMG_8101
IMG_8107
IMG_8111
IMG_8124
IMG_8118
IMG_8117

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

Қазақ тілін үйренуге арналған «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Болашақта кім болам?» тақырыбына арналды.
Бүгінгі сабақта балалар шеңбер болып тұрады, белгілі бір уақытқа дейін балалар ойыншық аюды кезектесіп бір — біріне береді музыка өшірілген кезде кімде ойыншық қалып қойса сол оқушы мамандықтардың қазақша атауларын қазақ тілінде дұрыс айтып үйренді. Ойыншық тастау ойынының арқасында сабақ өте қызықты өтті.

IMG_7981
IMG_7986
IMG_8003
IMG_8009
IMG_8036