31 наурызда кітапханада Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің 1 курс студенттеріне «Ақпараттарды іздеу, ақпарат іздеудің түрлері» атты кітапханалық — библиографиялық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімін кеңейтіп және болашақта кәсіби қызметтерінде қолдануға бағыт беру. Ақпаратты іздеу жүйелері мен ғаламтор-қосымшаларының адрестік құрылымымен танысты. Студенттер алдын-ала дайындалған сұрақтарды оқып, Қазақстандағы кітапханалардың электронды каталогтардағы кітаптарды табу тәсілдерін пайдаланып үйренді. Студенттер өздерінің алған білімдерін болашақта пайдалануына болады.
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында балалар жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын айтып үйренді.
Балалар екі топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Екі топта сайыста белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете алды.
Микроскоп астындағы тіршілік
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында кітапханада балалардың микроскоппен таңғажайып танысуы өтті. Балалар микроскоптың қалай пайда болғанын білді, слайдтардан алғашқы үлгілерін қызыға қарап, олардың сыртқы түрін заманауи микроскоппен салыстырды.
Біздің тұрақты оқырмандарымыз жабдықтардың құрылымымен танысқан соң, су, пияз, құс қауырсындары, шаш үлгілерін зерттеген бірқатар тәжірибелер жасады. Тәжірибелік сабақта микроскоптың қарапайым көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кескіндерін алу үшін қолданылатынына көз жеткізді.
Микроскоппен нені көре алды? Пияздың тілімдерін зерттей отырып, балалар олардың жасушалар деп аталатын әр түрлі шағын бөліктерден тұратынын көрді. Суда қара нүктелер — бактериялар көрінді. Құмды қарап-көргенде минералдарға ұқсайтын үлкен тас кесектерін көрді. Балалар жасуша үлгілерін телефондарына түсіріп те үлгерді.
Танымдық сабақтың соңында балаларға арналған «Бәрі микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.
Балалар кітабы апталығының жабылуы
Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында 29 наурыз күні «Оқырман бенефисі» мерекелік құттықтау бағдарламасы өтті. Балалар кітабы апталығы аясында кітапхананың үздік оқырмандары номинациялары жарияланған.
2021 жылдың қорытындысы орай үздік оқырмандары келесі номинациялар бойынша марапатталды:
• «Ең бірінші оқырман» – Григоркевич Яна, 6 «А» сынып, «Қаныш Сәтпаев атындағы гимназия» КММ;
• «Ең кішкентай оқырман» – Бейсенбай Жәңгір, 4 жас;
• «Оқу рекордсмені» – Арун Асанәлі, 6 «В» сынып, «№15 ЖББМ» КММ;
• «Оқу рекордсмені» – Стадник Полина, 4 «В» «Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей» КММ;
• «Фэнтези оқырманы» – Сергеев Олег, 4 «Б» сынып, «№11 НОМ» КММ;
• «Фэнтези оқырманы» – Владимир Назарым, 9«А» сынып, «№17 ЖББОМ» КММ;
• «Мәңгілік классика» – Сейтқазы Саида, 9 «В» сынып, «С. Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицей» КММ;
• «Адал оқырман» – Островский Владислав, 9 «А» сынып, «№ 64 НОМ» КММ;
• «Кітапхананың айнымас досы» – Шалимова Алла, 7 «А» сынып, «№ 2 лицей» КММ;
• «Оқитын отбасы» — Ахылбековтар отбасы.
Номинанттарды марапаттау үшін кітапхана саласының ардаргерлері, мұғалімдер, банк қызметкерлері, кітапхана достары – кәсіпкерлер шақырылды.
Әр номинант дипломымен, Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» кітабы және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараға №104 мектеп – гимназиясының 2 сынып оқушысы Ерман Зардыханұлы мен Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның 1 сынып оқушысы Кәусар Шорман қатысып өнер көрсетті.
«Ғашық көзбен қарадым гүл өңірге…» әдеби кеш
Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында көрнекті қазақ ақыны, қарымды қаламгер, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Жеңіс Қашқыновтың 80 жылдығына орай «Ғашық көзбен қарадым гүл өңірге…» атты әдеби кеш өткізілді.
Кездесуге Жеңіс Қашқыновтың қарындасы Сара Қашқынова мен ақынның інісінің ұлы Ернат Мелсұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Сондай-ақ шараға «Қасым» республикалық қоғамдық-әдеби журналының бас редакторы С. Сағынтай, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жетекшісі, айтыскер ақын А. Жұмағұл және де Қарағанды қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Кітапхана оқырмандары қарапайым жырларымен-ақ жеткіншектер жүрегіне нұр сеуіп, қыруар іс атқарған көрнекті балалар ақыны Жеңіс Қашқыновтың өлеңдері мен «Ақжолтай Ағыбай батыр» поэмасыннан үзінді оқыды.
Кеш соңында Ернат Мелсұлы кітапхана қорына «Ағылшынша тіл сындыру» кітабын сыйлады.
«Театрдың сиқырлы әлемі» атты библиоперфоманс
Апталықтың аясында 28 наурызда «Театрдың сиқырлы әлемі» атты библиоперфомансы өткізілді.
Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденді К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының жас әртісі Кирилл Пловайко кітапхананың жас оқырмандарына шеберлік сыныбын өткізді.
Кирилл Пловайко кітапхананың жас оқырмандарына актерлік шеберлікті қалай дамыту керектігін, актер мамандығының қыр-сырымен бөлісіп, өзінің шығармашылық жолы туралы айтып, шығармашылық тұлғаның қалыптасуына актёр мамандығының берері көп екенін айтып өтті.
«Сиқырлы кітап әлемі» атты әдеби квест
Кітапханада 27 наурыз күні қазақстандық және шетелдік балалар жазушыларының шығармалары бойынша «Сиқырлы кітап әлемі» атты әдеби квест өтті. Қатысушылар әдеби квесте өздерін шытырман оқиғалардың нағыз кейіпкелері ретінде сезінді. Балалар ойын арқылы тапқырлықтарын танытуға, оқуға деген қызығушылығы мен білуге деген құмарлығын арттыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік алды.
Балалар топтарға бөлініп, бағыттық парақтарын алып, квесттің локациялары бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындады. Жеңіске жеткен топқа естелік сыйлықтар табысталды.
Тренинг
Коуч-психологтар Ольга Пенькова мен Татьяна Спиридонованың кітапхана оқырмандарымен жаңа кездесуі «Креативность: развитие творческого мышления» тақырыбына арналды. Зияткерлік еңбектің көптеген салалары креативті ойлау дағдыларын талап етеді. Бұл жасөспірімдердің өзін-өзі дамыту практикасына деген қызығушылығын дамытады.
Тренинг барысында коучтер қатысушыларға шығармашылық ойлау тетіктері туралы айтып, бірнеше практикалық міндеттер қойды. Оқырмандар ата-аналарымен бірге тренингке белсенді қатысып, тренингтік сабақтардың пайдасы жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жетілдіруі үшін айқын екендігі туралы қорытынды жасады.
«Іздеу» детективтік агенттігі» квиз
Детективтік жанрды сүйетіндер үшін кітапханашылар «Іздеу» детективтік агенттігі» атты танымдық-зияткерлік квиз ұйымдастырып өткізді.
Ойын барысында балалар 4 адамнан тұратын 9 командаға бөлінді. Олар детектив жанрына арналған викториналық сұрақтарға жауап берді. Ойын «сұрақ-жауап» механизміне негізделген, 3 раундтың нәтижелері бойынша дұрыс жауап беріп ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.
Бүгінгі таңда квиз ойыны жасөспірімдерге тиімді уақыт өткізудің және отбасылық демалыстың қызықты тәсілі. Қатысушылар ойынға белсене қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Балалар жазушысы, блогер Дина Оразмен кездесу
25 наурыз кітапханамыздың оқырмандары үшін ерекше күн болды.
Балалар кітабы апталығы аясында нағыз балалар жазушысы, блогер, журналист, «Арыстандардың тістерін кім емдейді?», «Бір мүйізді қайда тұрады?» кітаптарының және басқа да шығармалардың авторы Дина Оразмен кездесу өтті.
Іс-шара барысында жас оқырмандар біздің қонақтың әңгімесін қызыға тыңдады және ол жүргізген тез оқу шеберлік сыныбына белсене қатысты.
Кездесу соңында балалар өз әсерлерін поэзия немесе прозаның шағын жанрлары түрінде білдірді — синквейн жасады.
Жүрегі ашық, ақжарқын балалар мен ересектермен әрқашан ортақ тіл мен тақырыптарды табу оңай және тіл табысуға болады.
Жазушымен кездесу әрқашан мереке, өйткені одан алған әсерлер әдетте өмір бойы есте қалады.




























































































