Archive 28.04.2022

«Қауырсын қалам» клубы

28 сәуір күні «Қауырсын қалам» клубы мен поэзия әуесқойларының кезекті жиналысы өтті. Балалармен кездесуге Қарағандылық ақыны Олег Русских келді. Автор қатысушыларға өзінің шығармашылық құпиялармен бөліп, қазіргі әдебиетке, фанфиктерге, манга комикстеріне деген көзқарасы туралы айтты.
Балаларды қонақтың театрлық хоббиі де қызықтырды. Кездесу кеш О. П. Русскихтың өлеңдерін оқумен аяқталды.

IMG_0787
IMG_0788
IMG_0830
IMG_0888
IMG_0895

Экскурсия

Кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Саран қаласының №9 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді.
Кездесу Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналды. Балалар кітапхана тарихымен танысып, кітап туралы ролик көріп, кітапханаға арналған кроссворд шешті.
Қызмет көрсету бөлімдерін аралау барысында балаларды кітап қорына жаңадан түскен комикстер, ғылыми-танымдық энциклопедиялар, детективтер жанрында жазылған әдебиеттер қызықтырды. Көпшілік балалар кітапханаға оқырман болып жазылды.

IMG_0737
IMG_0751
IMG_0757
IMG_0763
IMG_0764
IMG_0767

«Бірлестік достығы»

28 мамыр күні Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлестік достығы» атты этностар калейдоскобы өтті.
Мерекелік жиынға Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі бірлестігінің төреағасы Ирина Салагина, «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілі және №87 НОМ 6-7 оқушылары қатысты.
Қонақ балаларға украин халқының тарихы мен әдет-ғұрыптары жайлы айтып өтті. Аталмыш кеште оқушылар татар халқының әні «Туган як» орындады. Қатысушылар назарына «Жұлдыз» хореографиялық ансамбілінің бойжеткендері татар халқының биін ұсынды.
Кеш соныңда викториналық сұрақтар қойылып, кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады.

«Уақыт машинасы» кітапхана кеші

Кітапханада Балалар жылы аясында 22 сәуір күні сағ.18.30-дан 21.00-ге дейінгі аралықта «Уақыт машинасы» кітапхана кеші акциясы өткізілді.
Шараның салтанатты ашылу рәсімі өткен кейін кітапхана қызметкерлері сағат тілін кейінге шегеріп өткен жылдарға қайта оралды. Акция аясында балалар мен ересектерге «Мен кітаптың құрдасымын» кітап топтамасындағы фотофлешмоб, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды индустриалды-техникалық колледжінің музейі экспонаттарының көрмесі, «Кітапханалық банк» әдеби викторина, кітапханалық кафе, «Синематограф шақырады» диафильмдер көрсету, «Бір сәт тоқта!» блиц-турнирі, «Сиқырлы тігіс» шеберлік сыныбы, «Ретро — аспаз» — шеберлік сыныбында вафли түрлерін пісіру, «Чемоданнан шыққан ғажайыптар» театрландырылған шеберханасы, «Бізбен бірге оқы және ән сал!» кітапхана караокесі, «Ымырт кезіндегі жұлдыздарға саяхат» атты алаңдарда саяхаттауға жағдай жасалды. Қонақтар әр алаңда берілген тапсырмаларды орындап «библиоақша» алып, тапқан табыстарын кітапханалық кафеге барып жұмсап, аспазшылар ұсынған ас мәзірінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ, М.Бекішевтің жетекшілігімен №2 БММ «Юность» аспаптық ансамблінің шырқаған әндері мерекенің сәннін келтірді. Шараға «Qasym» баспа үй демеушілік көрсетіп және С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Қатысушыларға мерекелік лотерея билеттері таратылып, акцияның соңында лотерея ойнатылды.

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынов» кітапханалық дәріс

20 сәуір күні Алаш ақыны, ғалым, қоғам қайраткері, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы — Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында кітапханалық дәріс өткізілді.
Жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау мақсатында кітапханада Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру академиясы академигі, әдебиеттанушы ғалым Смағұлов Жандос Қожахметұлы дәріс оқыды.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының «Әліпбиімен» ашып, ана тілін Байтұрсынұлының «Тіл құралы» арқылы оқып үйренді.
Шараға Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы, «Ақпараттық Технологиялар» Мамандандырылған Мектеп-Лицей-Интернаты, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары және «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің I курс студенттері дәріс сабағына қатысты.
Дәріс барысында А.Байтұрсынұлы шығармашылығының өзекті мәселелері мен тағылымды өмір жолы, философиялық, эстетикалық және қоғамдық көзқарастары, замандастарының, ақын әрі қайраткердің шығармашылығына деген көзқарасы жайлы сөз болады.
Кітапхананың оқу залында А. Байтұрсынұлынына арнап «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қаламгердің «Қырық мысал», «Маса», «Әдебиет танытқыш», «Көп томдық шығармалар жинағы», «Өлеңдер», «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» және т.б кітаптары қойылды.

«Отты жазу» танымдық тәжірибесі

Кітапханалық «Қызықты ғылым» зертхана аясында оқырмандарға кітапханашының қадағалауымен қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып «Отты жазу» тәжірибесі өтті.
Бұл шара балалардың қызығушылығын оятты. Не себепті жазу отпен жазылады? – деген сұрақ қатысушыларды ойландырды.
Оқырмандар калий нитраты (KNO3) — деп аталатын химиялық элементпен танысты. Кітапханашы белгілі бір мөлшерде калий нитратының концентрацияланған ерітіндісін дайындады. Қағаздағы суреттің контуры бойымен калий нитрат ерітіндісін сіңдіре отырып тәжірибе жасалынды.
Құрғаған қағаз парағындағы контурлық үлгіні сіріңке арқылы тұтатып ОТТЫ ЖАЗУ нәтижесін көрді.
Күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре алатын таңғажайып, түрлі-түсті, қызықты эксперименттік жұмыстарды жасау және бақылау оқырмандарға ұнады.

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы.
27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi — бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.

Ақпараттық сағат

14 сәуір күні Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру кешенді жоспары шеңберінде «Қарағанды облысы дін істер басқармасының Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ мамандары теолог М.Турапбай мен дінтанушы К.Метревели кітапхана қызметкерлері үшін экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді. Қонақтар тыңдаушыларға әлеуметтік желі беттеріндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері және сандық және ақпараттық түрдегі жеке бастың беделін қорғау үшін берілетін негізгі кеңестер туралы түсіндіріп өтті.

photo_2022-04-15_15-09-11
photo_2022-04-15_15-09-11 (2)
photo_2022-04-15_15-09-10

«Жетістік формуласы» Мария Ауезовамен

14 сәуірде «Жетістік формуласы» тележобасы аясында жаңа кездесу өткізілді. Екі аяғына ампутация жасағаннан кейін биіктігі 5364 метр Эверест базалық лагеріне және 5640 метр биіктіктегі Кала Патхар тауына шыққан рекордшы әйел Мария Ауезова бағдарлама қонағы болды.
Шығарылымның кейіпкері еңбектенуге және өз алдына қойған мақсаттарына жетуге үйренген, бірақ студияда жиналған жастардың алдында Мария өзінің әлсіз жақтарын мойындаудан қорықпады. Ол өзінің ерекше өмірлік тәжірибесімен бөлісуге, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және көмектесуге дайын. Кейіпкердің өзі мойындағандай, бұл кездесу оған көптеген жағымды эмоцияларды бастан кешіріп, жүріп өткен жолын еске түсіруге және оған жаңаша көзқараспен қарауға көмектесті.
Мария бала кезінде ең қарапайым бала болғанын, көшеде достарымен қозғалмалы ойындарды ойнауды жақсы көргенін есіне алады. Оның тұлға болып қалыптасуында отбасы үлкен рөл атқарды. Туыстары мен достарының қолдау кейіпкерге әрдайым, оның ішінде Эверест лагерлерінің бірін бағындыруға да көмектесті.
Қатысушыларды 22 жасында екі аяғынан айырылған қыздың тауға шығып, шыңды қалай бағындырғаны қатты қызықтырды. «Бұл өте қиын болды, — дейді бағдарлама қонағы, — бірақ мен оны орындадым деп жауап берді».
Марияны өмірде болған оқиға жан-жағына басқаша қарауға, бүгінгі күнмен өмір сүруге үйретті. Мария әлемді өзгерту үшін алдымен өзіңді өзгерту керек екеніне сенімді. Және оған ол қол жеткізе алды. Ол орындалмайтын жоспарларды жасамайды, әрбір жаңа күнді бағалап, жаңа адамдармен қуана танысады және өзінің өмірі көптеген қуаныштарға толы болғаның армандайды.
Қонаққа Қарағанды облыстық жоғары медбикелік колледж студенті Ульяна Кимнің «Кейіпкер қай бір уақыттарда өз ұстанымдарын ұмытып кетті ме?» — деген сұрағы ұнады.
Балалар бұл қызықты кездесу туралы оң пікірлерін қалдырды.

«Аспан әлемін бағындырған әуе акробаттары» кездесу

Кітапханада 12 сәуір күні «Аспан әлемін бағындырған әуе акробаттары» тақырыбында қызықты өтті.
Іс-шараның қонақтары Қарағанды қаласының парашют клубының нұсқаушылары Андрей Редин және Игорь Шаравин болды. Нұсқаушылар қатысушыларға өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті, парашют түрлері және олардың құрылымы туралы айтты. Шара соңында балалар парашют рюкзактары және шлемдерімен танысты.

IMG_0410
IMG_0424
IMG_0434
IMG_0436
IMG_0441
IMG_0445
IMG_0456
IMG_0462