Archive 11.04.2022

«Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы», «Qasym баспа үйі» және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» байқау жариялайды!

Байқау объектісі Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының тұрғын емес үй-жайдың дизайн — жобасын әзірлеу болып табылады.
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының тұрғын емес үй-жайдың үздік дизайн — жобасына арналған байқауы жас дизайнерлердің мансабын дамытуға қуатты серпін береді: жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға, жобаны іске асыру мүмкіндігіне ие болады.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7212)41-23-25, ұялы. 8701-189-37-59 (Сәуле Жаманбайқызы), 8-7212-56-51-87 (Сүлеев Бахтияр).
Ережемен Қарағанды техникалық университетінің және Абай атындағы ОБК сайтында танысуға болады.

Франкофондық көктем 2022.

Балаларға арналған анимациялық фильмдердің көрсетілімі
Кітапханада Франкофондық көктем 2022 аясында Францияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп Қарағанды француз альянсының қолдауымен балаларға арналған анимациялық фильмдердің көрсетілімі өтті.
Франкофондық көктем француз тілін, мәдени әртүрлілікті және бүкіл франкофониялық әлемде ынтымақтастықты атап өтеді.
Көрермендер көргеннен кейін медиатормен мультфильмдерді талқылап, алған әсерлерімен бөлісті.

3
4
6
5
2

«Жәдігер» өлкетану клубы

Кітапханада бүгін «Жәдігер» өлкетану клубы аясында «Кітап беттерін парақтай отырып, сен өлкеге саяхат жасайсың» атты өлкетану оқулары өтті. Оқу барысында балалар Ғ. Мұстафин, С.Сейфуллин, Қ. Аманжолов, Н. Кузнецов, В. Могильницкий және т. б. авторлардың шығармалары арқылы өлке тарихымен танысты.
Қатысушылар ақын-жазушылардың шығармаларынан мәнерлеп үзінділер оқыды.

1
2
3
4
5

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Алдар көсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі.
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Алдар көсе ертегі кейіпкері» тақырыбында өтті.
Сабақ барысында балалар «Алдар Көсе мен Бай» туралы қызықты мультфильмін көрді. Мультфильмді тамашалаған қатысушылар Алдар Көсенің ақылы мен тапқырлығы жайлы қазақ тілінде қысқаша сөйлем құрап үйренді.

IMG_0319
IMG_0323
IMG_0325
IMG_0333
IMG_0342
IMG_0351
IMG_0354
IMG_0362
IMG_0363
IMG_0374

Экскурсия

6 сәуір күні біздің кітапханаға Үштөбе жалпы орта білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары келді.
«Кітапхана қонақтарды қарсы алады» экскурсиясы барысында балалар кітапхананың тарихымен танысты, әр түрлі бөлімдерге барып, жаңа кітаптармен танысып, электрондық қызметтер туралы білді.
Тілек білдірушілер тіркеуден өтіп, кітапхананың жаңа оқырмандары болды.

IMG_0288
IMG_0289

«Ойөріс» зияткерлік телеойыны

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ойөріс» зияткерлік телеойынында кітапхананың намысын қорғаған қызметкерлер Шайзат Жумадильдинова, Жайна Ыбрайым және Күміс Болатбекова жеңіспен оралды. Бұл жолғы ойында «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ кітапханашыларынан құралған «Күншуақ» тобы және Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы қызметкерлерінен құралған «Үш таған» тобымен өз ара сайысқа түсті. Қатысушылар ойын барысында «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер», «Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер», «Көнерген сөздер» тақырыптарындағы ұяшық ішіндегі сұрақтарды таңдап жауап берді.Телеойынға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігі арнайы тағайындалған сарапшы сараптап, әр сайыстан алған ұпайлары бойынша бағалады. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

277354154_3043643959186461_877426486292961645_n
277519152_3043643929186464_6529055979324177397_n
277582381_3043643945853129_5078969255916969800_n

Халықаралық балалар кітабы күні

2 сәуір – Данияның ұлы ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні.
Бұл күні 1956 жылдан бастап екі жылда бір рет үздік балалар жазушыларына және суретшілері — балалар кітаптарының иллюстраторларына халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық беріледі.
1967 жылдан бастап бұл күн Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңеспен (International Children’s Book day) бекітілген Халықаралық балалар кітабы күні тойланады.
Неміс жазушысы Йелла Лепма Халықаралық балалар кітабы күнін өткізудің бастамашысы болды.
2022 жылдың 21 наурыз күні Балалар кітаптарының халықаралық кеңесі (IBBY) 2022 жылғы Ганс Кристиан Андерсен сыйлығының жеңімпаздарын жариялады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының төрағасы Джунко Йокота жариялады.
2022 жылғы сыйлықтың иегерлері: «Автор» санатында француз Мари-Од Мурейл және «Иллюстратор» номинациясында кореялық Сюзи Ли жеңіп алды.
Біздің әдеби серуен барлығының — балалар кітабын жазатындар, безендіретіндер және кеңінен танымал етушілер мерекесінің 55-жылдығына арналады.
Қарап шығу ұнамды болсын.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

«Ақпараттарды іздеу, ақпарат іздеудің түрлері»

31 наурызда кітапханада Тәттімбет атындағы өнер колледжінің «Кітапхана ісі» бөлімінің 1 курс студенттеріне «Ақпараттарды іздеу, ақпарат іздеудің түрлері» атты кітапханалық — библиографиялық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Студенттердің білімін кеңейтіп және болашақта кәсіби қызметтерінде қолдануға бағыт беру. Ақпаратты іздеу жүйелері мен ғаламтор-қосымшаларының адрестік құрылымымен танысты. Студенттер алдын-ала дайындалған сұрақтарды оқып, Қазақстандағы кітапханалардың электронды каталогтардағы кітаптарды табу тәсілдерін пайдаланып үйренді. Студенттер өздерінің алған білімдерін болашақта пайдалануына болады.

1
2
3
4

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында балалар жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын айтып үйренді.
Балалар екі топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Екі топта сайыста белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете алды.

IMG_0212
IMG_0214
IMG_0218
IMG_0258
IMG_0260
IMG_0261
IMG_0267

Микроскоп астындағы тіршілік

«Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында кітапханада балалардың микроскоппен таңғажайып танысуы өтті. Балалар микроскоптың қалай пайда болғанын білді, слайдтардан алғашқы үлгілерін қызыға қарап, олардың сыртқы түрін заманауи микроскоппен салыстырды.
Біздің тұрақты оқырмандарымыз жабдықтардың құрылымымен танысқан соң, су, пияз, құс қауырсындары, шаш үлгілерін зерттеген бірқатар тәжірибелер жасады. Тәжірибелік сабақта микроскоптың қарапайым көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кескіндерін алу үшін қолданылатынына көз жеткізді.
Микроскоппен нені көре алды? Пияздың тілімдерін зерттей отырып, балалар олардың жасушалар деп аталатын әр түрлі шағын бөліктерден тұратынын көрді. Суда қара нүктелер — бактериялар көрінді. Құмды қарап-көргенде минералдарға ұқсайтын үлкен тас кесектерін көрді. Балалар жасуша үлгілерін телефондарына түсіріп те үлгерді.
Танымдық сабақтың соңында балаларға арналған «Бәрі микроскоп туралы» атты қызықты кітаптарға шолу жасалды.

1
2
3
4
5
6
7
8