Archive 20.03.2022

«Асық party»

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз меркесіне орай кітапханамызда «Асық party» сайысы өтті. Жасөспірім балалар асық туралы мағлұмат алып, асық ойынының түрлерімен танысты. Ұлдар өзара сайысқа түсті. Әр қатысқан қатысушыға шағын сыйлық тарту етілді.

IMG_9301
IMG_9304
IMG_9311
IMG_9312
IMG_9327
IMG_9348
IMG_9367
IMG_9372

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Clothes. Киімдер» тақырыбында өткізілді. Балалар «What are you wearing?» қызықты ойынын ойнап, үстіне киген киімдерді ағылшын тілінде әңгімелеп айтып берді. Сабақ соңында балалар тақырыпты пысықтау мақсатында «Today I am wearing clothing» әнін айтты.
Балалар үшін сабақ қызықты өтті.

2
1
3

«КИІЗ ҮЙ»

«Наурыз шуағы» тұжырымдамасы аясында кітапханада «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті.
Іс — шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру.
Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды. Балалар киіз үйді құрастыруға қуана атсалысты. Тренингке «№2 арнайы мектеп-интернаты, №63 ЖББМ-тің 1 «а» сынып оқушылары қатысты.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Экскурсия

Наурыз айының 14 күні №12 ЖББМ-тің 11 «А» сынып оқушыларының қатысуымен кітапханада экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға кітапхана залдарын аралау, кітап қорымен және көрмелермен танысу ұсынылды, сонымен қатар кітапты пайдалану ережелері, онлайн көрсетілетін қызметтер, үйірме және клуб жұмыстары туралы айтылды.
Зор қызығушылықпен балалар журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.

IMG_9080
IMG_9086
IMG_9089
IMG_9094
IMG_9103

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» этновитражы

Наурыз мейрамы – көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарынның жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше жылдан бері аталып келеді. Мереке қарсаңында кітапханада «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» этновитражы ұйымдастырылды. Оқырмандарға қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, жоралғылары, ойындары туралы түрлі тұрмыстық заттары бар кітаптар ұсынылды.
Этновитраж Наурыз мерекесінің ерекшеліктері – көктемгі күн мен түннің теңелу күні туралы білімді кеңінен насихаттауға бағытталған.

1
2

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында балалар жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын айтып үйренді.
Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, шабдалы, өрік, шие.
Көкөністерге: картоп, қызылша, пияз, сәбіз, қияр, қызанақ т. б. жатады.
Сабақ соңында үйірме жетекшісі балаларға жемістер бақшада яғни ағашта, ал көкөністер бақта өседі деп түсінік беріп өтті.
Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.
Көкөністерді тұқым себу арқылы өсіреміз көктем айында. Күз айында жинап аламыз.

IMG_9008
IMG_9024
IMG_9021

«Сөредегі ғажайып кітаптар» авторлық кітап көрмесі

Біздің оқырманымыз, №15 мектептің 7-сынып оқушысы Асанәлі Арун «Сөредегі ғажайып кітаптар» атты жеке авторлық кітап көрмесін жасауға қатысты.
Авторлық кітап көрмесі — бұл оқырманның өзіндік визит кәртішкесі, оның көмегімен ол өз құрдастарына әртүрлі жанрдағы қызықты кітаптарды оқуды ұсына алады. Асанәлі кітап оқығанды өте жақсы көреді және өзінің кітап оқуда нені ұнататынымен бөлісті.

IMG_8971
IMG_8977
IMG_8984
IMG_8985
img772
IMG_8973
IMG_8988
IMG_8990
IMG_8975
IMG_8991

«Аяулы Анам»

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №3 гимназияның 4 «Г» сынып оқушылары арасында «Аяулы Анам» атты ойын-сайыс өткізілді.
Балалар «Шоколадты интуиция», «Гүлді шалғын», «Несмеяна», «Зейінділігін тексеру», «Наурыз поэзиясы» және т.б түрлі сайыстарға белсене қатысты.
Ойын бағдарламасы балалардың әдебиеттен алған білімдерін, өздерінің зеректілігін, тапқырлығын және зейінділігін көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңы «Анашым менің» атты музыкалық құттықтаумен және өлеңдер оқумен аяқталды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына

Кітапхананың оқу залында көрнекті жазушы, драматург, сценарист Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай «Көркем сөздің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сөрелерде жазушының романдары, повестері, әңгімелері, пьесалары, эсселері мен очерктері, белгілі әдебиеттанушылар мен журналистердің газет-журналдағы жарияланымдары қойылған.
Жазушының қаламына арқау болған аналар, қыздар туралы шығармалары: «Ұлпан» романы ондағы Ұлпан бейнесі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанындағы Баян бейнесі, «Ананың анасы» әңгімесіндегі Ер ана бейнесі бүкіл ана атаулының қыр сырын ашып бергендей. Сондай-ақ, Ғ. Мүсірепов ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мен кинематографиясының тарихында елеулі із қалдырды.
Құрметті оқырмандар! Жазушының шығармаларын оқуға шақырамыз!

IMG_8862
IMG_8863
IMG_8865
IMG_8866
IMG_8878
IMG_8882