Archive 02.03.2022

«Шуақ»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, бұл ересектер де, балалар да асыға күтетін мереке. Аналар мен әжелерді, тәтелер мен апа-қарындастарды құттықтап, сыйлықтар, ашықхаттар мен тосын сыйлар жасаймыз.
«Самовар» баспасының «8 наурыз» өлеңдер мен әндер жинағынан Михаил Садовскийдің «Этот мамин день» өлеңін тыңдаған бүлдіршіндер «Шуақ» шығармашылық студиясында мереке күні өздерінің жақындарын құттықтау үшін мерекелік қолөнер бұйымдарын зор қуанышпен жасады.

1
2
3
4
5

Алғыс айту күні

1- наурыз Алғыс айту күніне орай кітапханада «Мейірімді Қазақстан жері» атты танымдық сабағы №3 гимназияның 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Басқосуда балалар тағдырдың соқпақ жолында қуғын-сүргінге ұшыраған бабалар ерлігін еске алды.
Іс-шараға «Wiedergeburt» неміс орталығы» Қарағанды облыстық қоғамының өкілдері келді. Қазақстан еліне өз алғыстарын айтып, қонақжай қазақ халқының дархандығында шек жоқ екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ оқушылар неміс халқының өлеңдерін оқып, өнерлерін көрсетті.

IMG_8763
IMG_8776
IMG_8789
IMG_8791
IMG_8808
IMG_8819
IMG_8821
IMG_8825
IMG_8831
IMG_8835

«Мен — тұлғамын» коучинг орталығы

Кітапханада «Мен — тұлғамын» коучинг орталығы аясында кезекті «Эмоционалды интеллект» уәждемелік және дамыту тренингі өткізілді. Эмоция дегеніміз не және оның басқа сезімдерден қандай айырмашылығы бар? Эмоция адам өмірінде қандай роль атқарады? Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқаруға болады? Шақырылған коуч – жаттықтырушылар – кәсіби психологтар Ольга Пенькова мен Татьяна Спиридонова осы сұрақтарға жауап берді.
Балалар әртүрлі эмоциялар мен олардың түстерін талдап топтарға бөлінді де, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Бірден қарапайым көрінген ойындар жоғары деңгейде көңіл бөлуді талап етті. Балалар осылай эмоцияларды басқаруды үйренді. Жаттықтырушылар тренинг соңында қатысушылармен эмоционалды жаттықтыру өткізді.

IMG_8687
IMG_8718
IMG_8729
IMG_8733
IMG_8734
IMG_8741
IMG_8744
IMG_8745

«Қызықты ғылым»

25 ақпан күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханамыздың кезекті сабағында, күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым заттардың көмегімен танымды тәжірибе өткізілді. Сірке қышқылы және ас содасының қосылу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газының көмегімен жас зерттеушілер, зертхананың модераторымен бірге шарларды үрледі. Тәжірибенің қарапайымдылығына қарамастан, балаларға ересектердің қадағалауымен ғана тәжірибе жасау қажет екенін еске салды.
Тәжірибеден кейін балаларды үйде өткізуге болатын тәжірибелер туралы кітаптармен таныстырып, келесі сабаққа шақырды.

1
4
5
6
7
8
9
10
2
3

 

«Балаларға базарлық» оқырман конференциясы

Кітапханада 25 ақпан күні балалар ақындары Жақан Смақовтың 90 жылдығы және Ескен Елубаевтың 80 жылдығына орай «Балаларға базарлық» атты оқырман конференциясы өткізілді.
Оқырман конференциясы Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында өтіп отыр.
Конференцияның мақсаты: Балаларға ақындардың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат бере отырып, Қазақстандық балалар жазушылары шығармаларын оқуға деген ынталарын арттыру.
Шараға оқырмандармен кездесу үшін Ж. Смақовтың қызы Манат Жақанқызы Алматы қаласынан арнайы шақырылды, сонымен қатар нағашы ағасы Аманжол Әубәкірұлы, ақынның жерлестері Сайлау Балташұлы мен Жомарт Қызбалаұлы құрметті қонақ болды. Сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің оқытушысы ф.ғ.к. доцент Жанар Айдарбекқызы және С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының кітапханашылары мен Қарағанды қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында қарапайым жырларымен-ақ жеткіншектер жүрегіне нұр сеуіп, қыруар іс атқарған көрнекті балалар ақындары шығармашылығы туралы айтылып, Қарағанды қаласының мектеп оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, жұмбақтарын шешті. Сондай-ақ, Ж.Смақовтың сөзіне жазылған «Жалау» әні орындалып, Е. Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» фильмінен үзінді көрсетіледі. Кітапхананың оқу залында «Бала жанының бағбандары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

1-nYv9RIfbSu8
1-jHWwE2WtGV8
2-4OT4jUaab0g
2-UICiHWJjOdo
3-wnDe8AjIZOU
3-Xnop1oAhCK4
4_zrXnlBKsEI
4-skMZ4T6gmYk
5-1TPfM8FL4PE
5-MiuvcYDHZOY
6-G5Diom8Cqoo
6-VPRMCh5AYI0
7_gzJwz84GTk
8-hlCg-aZOSkc
8-xbiEG_mSArI
7_7k6RF_OY0

«Махаон» баспасы ұсынады…» кітап көрмесі

Біз оқырмандарымызды танымал кітап баспаларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы 1993 жылы кітап нарығында пайда болған ресейлік баспа «Махаон» ooks таңдалды.
Баспа өнімдері өте алуан түрлі шығарылған кітаптардың ішінде танымал авторлардың көркем туындыларын, түрлі-түсті кең көлемді энциклопедияларды және үлкен сериялық басылымдарды табуға болады.
Кітап сөресінде біздің жас оқырмандардың сүйіп оқитын әдебиеттер жинақталған. Мұнда К. Функенің қызықты фантастикалық оқиғалары, Э. Портердің романдары, Э. Блайтонның детективтік әңгімелері және тағы басқалар бар.
Келіңіздер! Оқыңыздар!

1
4
2
3
5

Кинозал «Қаз дауысты Қазыбек би»

Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Сарыжайлау» кинотеатрымен бірлесе отырып «Қаз дауысты Қазыбек би» атты кинозал өтті.
Сабаққа №17 ЖББМ және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Балалардың назарына «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Қазыбек бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы мол мағлұмат жинақталған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.
Оқушылар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қаз дауысты Қазыбек би» атты деректі фильмін тамашалады. Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай.
Кітапхана қорына кинотеатр ұжымының атынан «Ғасырлар даналығы бабалар мұрасында» кітап фотоальбомы, «Қаз дауысты Қазыбек би» CD-дискісін сыйға тартты.
«Сарыжайлау» кинотеатырмен ынтымақтастықта жұмыс жасағанымыз үшін ризашылық білдіреміз.

IMG_8404
IMG_8405
IMG_8406
IMG_8420
IMG_8425
IMG_8429
IMG_8430

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Қазақ тілін оқып – үйрену үйірмесінің сабағы «Менің досым» тақырыбында болды.
Үйірме жетекшісі балаларға «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік берді. Балалар сабақта үйренген сөздерді сұрақ-жауап арқылы қайталап ауыз екі сөйлеп үйренді.

IMG_8479
IMG_8487
IMG_8494
IMG_8509

«Шуақ»

Шығармашылық студияның кезекті сабағы алдағы мереке – Халықаралық әйелдер күніне арналды, оның барысында балалар аналарына арнап мерекелік 3D ашықхат жасады.
Әлемдегі ең қымбатты, сүйікті адамдарына сыйлықты қуана және рахаттана жасады.

2 (3)
2
3
1535