Құрметті достар! Бізде керемет жаңалық!
Қарағанды қаласындағы №1 балалар көркемсурет мектебінің дарынды балалары «Волшебства много не бывает!» IV Халықаралық шығармашылық жұмыстары байқауына қатысты. Ұйымдастырушылар -«Самара муниципалды ақпараттық-кітапханалық жүйесі» (Ресей) және де Самара қалалық округінің муниципалды бюджеттік мәдениет мекемесі.
Балалардың жұмыстары «Оқимыз — сурет саламыз» номинациясында бағаланатын болады. Байқауға қатысушылар қиял жанрындағы әдеби шығармалардан мифтік кейіпкерлерді суреттеп бірнеше жұмыстар ұсынған. Балаларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Байқау нәтижелері 26 мамырдан кейін шығады.





















