Archive 05.02.2024

«Кітапханаға саяхат»

2024 жылдың 5 ақпанында кітапхана Г.Потанин атындағы орта мектептің 1 сынып оқушыларына есігін айқара ашты. Кітапханашы балаларға «Кітапханаға саяхат» атты қызықты экскурсия өткізді, балалар энциклопедияларымен, мерзімді басылымдармен, көркем әдебиетпен, білімнің түрлі салалары бойынша әдебиеттерімен танысты. Оқушылар «Ертегіні тап» викторинасында ертегі кейіпкерлері туралы қызықты сұрақтарға жауап берді. Кітапханаға экскурсия танымды және қызықты болды.

«Free Style» арт-шеберханасы

Бүгін кітапханамыздың белсенді оқырманы, Давлатияр Аружан, «Free Style» арт-шеберханасында кәдімгі түрлі-түсті қағаздан құлпынай пішініндегі сыйлық қорапшасын жасау идеясын үйірме қатысушыларымен бірлесе отырып жүзеге асырды.
Бұл әдетте қорапқа салатын сыйлықтың көлеміне сай әртүрі өлшемде жасалады.
Құрметті оқырман, бұл сіздің де қолыңыздан келеді! Сізді шеберлік сабағымыздың келесі сағатында асыға күтеміз!

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі

«Пайдасы мол демалыс» әдеби бәйгесі өз мәресіне жетті! Қысқы демалыс кезінде «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ және «Таңшолпан» БҚО 5-сынып оқушыларына Н.Домбайжының «Хакер әжей», «Одиссейдің басынан кешкендері», Х.Керманидің «Бала Мәжиттің хикаялары», М.Твеннің «Приключения Тома Сойера», В.Железниковтың «Чучело», Э.Поттердің «Полианна» сынды кітаптарын оқып, оқылған кітаптар жайлы пікірлерін жазып, иллюстрациялар салу және жазушылардың өміріне қатысты 5 дерек табу тапсырмасы берілді.
Оқырмандар берілген тапсырманы ойдағыдай орындап, 15 иллюстрация, 17 шолу, 15 өмірбаяндық зерттеулерін ұсынды.
Әдеби бәйге жеңімпаздары: «Ең үздік иллюстрация» номинациясымен Сирочдинов Роман, Тютнева Ева, «Кітап туралы үздік шолу» номинациясымен Джайлаубаев Али, Сур Михаил, «Жазушы туралы 5 дерек» номинациясымен Тілеужан Айзере, Тимофеева Софья. Оқырмандарымызды марапаттарымен құттықтаймыз, жаңа шығармашылық табыс тілейміз.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Ерке төлдер» тақырыбында өткізілді.
Балалар жылқы, құлын, сиыр, бұзау, қой, қозы, ешкі, лақ т.б. үй жануарларының атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған аңдардың суретін тауып, олар туралы айтып берді.