Жазғы демалыс кезінде балалар саяхат, жорықтар, қызықты шытырман оқиғалар туралы танымдық әдебиеті оқығанды жақсы көреді.
Балалардың назарына жаңа кітаптар: «Загадочный мир прошлого» сериясынан «Рыцари», «Фараоны», «Самураи», «Викинги» интерактивті кітаптары, ежелгі құрып кеткен жануарлар мен құстардың жанданғанын мобильді қосымшаның көмегімен көрсететін авторы Абай Әлидің виртуалды кітаптары, «Фолиант» баспасының «Как подготовиться к приключениям» пайдалы білім мен дағдылар энциклопедиясы, америкалық төбешікті жасауды егжей-тегжейлі көрсететін «Наука на виражах» кітабы, Артур Конан Дойльдің «Приключения Шерлока Холмса» интерактивті дәуір кітабы ұсынылды.
Балалар өткен кезеңнің керемет әлеміне қызықты саяхат жасады!




