Аталмыш жылдың 27 тамызында біздің белсенді оқырмандарымыз отбасыларымен бірге Самара қаласындағы орталықтандырылған балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Алақандағы кітап» атты халықаралық акцияға қатысты.
Біздің кітапхананың акцияға қатысудағы мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалар мен төменгі сынып оқушыларын Қазақстан балалар жазушыларының үздік шығармаларымен таныстыру, әсерлерімен бөлісу.
Акцияға қатысқан оқырмандар:
Подгайнова Юлия — Қарағанды қаласы медициналық колледждің 1 курс студенті;
Абиев Даниил — Қарағанды қаласы СОШ №63, 1 «б» сынып оқушысы;
Владимирқызы Айсұлу — Қарағанды қаласы СОШ №17, 3 «а» сынып оқушысы;
Владимир Жұлдыз – Қарағанды қаласы СОШ №17, 2 «а» сынып оқушысы;
Владимир Ерғали – мектеп жасына дейінгі бала;
Жайна Ыбырайм – КГУ «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының» кітапханашысы;
Төлеген Айым, Нұрсұлу, Нұрсұлтан – төменгі сынып оқушылары.
Балалар Оразақын Асқар, Қастек Баянбаев, Толымбек Әбдірайымов, Мұзафар Әлімбаев сынды біртуар қазақ ақындарының үздік шығармаларымен танысты.







