Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар

Кітапханада  Отан қорғаушылар күніне орай №48 НОБ 9 сынып оқушыларына «Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар» атты патриоттық сағат өткізілді. Оқушыларға Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы әңгіме қозғалды. Әрі қарай оқу

Партизан даңқының соқпағымен

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында №45 гимназияның 4 «А» және «В» сыныбының оқушыларымен Жеңіс күніне және белгілі қазақ жазушысы, барлаушы, партизандар қозғалысының қатысушысы – «Партизан Васяның»- Қасым Қайсеновтің 100-жылдығына арналған «Партизан даңқының соқпағымен» естелік кеші өткізілді. Әрі қарай оқу

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Сергей Анмен кездесу

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикалық тізіліміне енгізілген «Жетістік формуласы» жобасының аясында НОМАД ММА аралас жекпе-жек өнерінің ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Валентинович Анмен кездесу өтті. Әрі қарай оқу

«КІТАП ОҚУ ҚУАНЫШЫ» кітапхана жобасы

Заманауи әлемде оқу форматы өзінің пішіні мен орнын өзгертеді. Адамдардың мобильділігі, өмір сүру қарқыны бос уақытта кітапханаға баруға мүмкіндік бермейді. Осыған орай, кітапхана өз аясынан шығып, оқырмандарын жаңа жолмен кеңейтуде. Әрі қарай оқу

Бір Отан, бір тағдыр, бір жер

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында №38 гимназияның 4 сынып оқушыларымен, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖОББМ 5 сынып оқушыларымен және Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек алу бөліміне бекітілген балалармен «Біз – бір халықпыз, біз – бір отбасымыз!» этнографиялық мерекесі өткізілді. Әрі қарай оқу

«Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ»

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 2018 жылғы 24-шісәуір №58 ЖББОМ 7 сынып оқушыларымен бірлесе «Бейбітшілікке – иә, терроризмге –жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Әрі қарай оқу

Ағылшын тілі үйірмесі

Кітапханада 22 сәуірде «English through games» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді. Балалар «Modern clothes – заманауи киім» тақырыбы туралы айтты.

Балалар ауызекі тіл және оқу дағдыларын жетілдірді; назар аудару, есте сақтау және сөйлеу қабілеттерін дамытты. Балалардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру үшін «I’m wearing…», «My clothes» ойыны ұсынылды.

Бетбелгіні өз қолымен жасау

Оқу кезінде бетбелгі таптырмайтын зат, оны пайдалану оңай және ыңғайлы, өз қолыңмен жасаған бетбелгі соншалықты қарапайым, және нағыз өнер.

Шұғыла Сайлау «Free Style» арт-шеберхана сабағында балаларға түрлі-түсті қағаздан өз қолымен әдемі бетбелгіні қалай жасауға болатынын көрсетті.

Бүгу техникасын қолдана отырып, шағын шаршы қағаздан смайлик-бетбелгісі жасалды. Балалар көздерінің суретін салды, сөйтіп әрбір бетбелгі ерекше және көңілді болып шықты.

Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы

Кітапханада облыстағы балалар кітапханаларының қызметінде ақпараттық кеңістікті кеңейту және жаңартылған білім берудің рөлін, басшылардың кәсіптік білімін, дағдыларын, іскерлігін жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу контекстінде жаңа тәсілдерге бағыттау мақсатында 2018 жылғы 20 сәуірде «Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы» облыстық семинары өткізілді. Оған 34 маман: қалалық және аудандық балалар кітапханаларының басшылары, әдіскерлер, балалар филиалдарының жетекшілері қатысты. Әрі қарай оқу