Кешімізге Теміртау қаласыңдағы Ғ.Жұбанов атындағы. балалар өнер мектебінің домбыра үйірмесінің ұстазы Перизат Зеикенова және осы мектептің оқушылары Аружан Муханбек, Перизат Ходжайева арнайы қонақ ретінде шақырылды. Төл аспабымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Халық күйі «Кеңес», Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін нақышына келтіріп ойнады.
Іс-шара соңында балаларға «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесіне қойылған «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», М.Рәш «Киелі домбыра», Ө. Спанов «Домбыра үйренейік», К. Әзірбаев «Жан серігім, домбыра», кітаптарына шолу жасалды. Домбыра жайлы қызықты бейнеролик көрсетілді.






