Кітапханада 27 сәуір күні «Ұлттық бірлік — Қазақстан халықтарының достығы» атты тәрбие сағаты өтті. Шараға Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің балалары қатысты.
Кітапханашы қатысушыларға ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы туралы, ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу туралы әңгімеледі.






