Жастар жылы аясында кітапханада 24 мамырда біздің қордағы шет елдік авторлардың кітаптарын жарнамалайтын «Бір кітаптың дефилесі» атты жас кітапханашыларға арналған байқау өткізілді. Біздің қызметкерлер А.К.Дойлдың «Записки о Шерлоке Холмсе», Э.Л.Войничтің «Овод», Д.Ф.Купердің «Последний из могикан», Д.Макдональдтің «Золотой ключ», Х.Муракамидің «Все божьи дети могут танцевать», Э.Хемингуэя «Старик и море», Ф.Бёрнеттің «Таинственный сад» шығармаларын ұсынды.
Шығармашылық сайыс екі «Бір кітаптың подиумы», «Бір кітаптың афишасы» кезеңдерінде өтті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесілер жеңімпаз атанды:
1 орын –Кабдуллина Мадина, жоғарғы бөлімнің кітапханашысы;
2 орын – Жамауова Ұлжан, библиограф;
3 орын – Боранбаева Малика, мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы.
Байқауға қатысқандардың барлығын шын жүректен құттықтаймыз, қызметтегі одан арғы жетістіктер, жарқын идеялар мен бастамашылықты тілейміз!!









