Бетбелгіні өз қолымен жасау

Оқу кезінде бетбелгі таптырмайтын зат, оны пайдалану оңай және ыңғайлы, өз қолыңмен жасаған бетбелгі соншалықты қарапайым, және нағыз өнер.

Шұғыла Сайлау «Free Style» арт-шеберхана сабағында балаларға түрлі-түсті қағаздан өз қолымен әдемі бетбелгіні қалай жасауға болатынын көрсетті.

Бүгу техникасын қолдана отырып, шағын шаршы қағаздан смайлик-бетбелгісі жасалды. Балалар көздерінің суретін салды, сөйтіп әрбір бетбелгі ерекше және көңілді болып шықты.

Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы

Кітапханада облыстағы балалар кітапханаларының қызметінде ақпараттық кеңістікті кеңейту және жаңартылған білім берудің рөлін, басшылардың кәсіптік білімін, дағдыларын, іскерлігін жетілдіру, кәсіби тәжірибе алмасу контекстінде жаңа тәсілдерге бағыттау мақсатында 2018 жылғы 20 сәуірде «Қазіргі заманғы басшы: беделі және тиімді басқаруы» облыстық семинары өткізілді. Оған 34 маман: қалалық және аудандық балалар кітапханаларының басшылары, әдіскерлер, балалар филиалдарының жетекшілері қатысты. Әрі қарай оқу

Еліміздің жаңа мүмкіндіктері

 

№1 гимназияның 3 «А» сынып оқушыларымен ҚР Президенті РК Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық сағаты өткізілді.

«Жолдау – жаңғырудың жаңа жолы» ақпараттық-слайдтық таныстырылымның көмегімен 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының он негізгі міндеттері балаларға кеңінен танымал және қолжетімді нысанда түсіндірілді.

Балалар өткізілген іс-шараға белсене қатысты.

Бір аймақ-бір кітап: «Жау тылындағы бала»

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларына кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акция жариялады. Акция ұстанымы: «Мен де оқимын, сен де оқисың, Қарағанды өңірінің бәрі де оқиды». Әрі қарай оқу

«Әр түрлі әліпбидегі кітаптар»

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 қаулысымен апострофтерімен 32 әріптен тұратын латын алфавитіне негізделген жаңа қазақ алфавитін бекіту туралы Жарлығына сәйкес 2018 жылдан бастап қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіруді насихаттау және кеңінен танымал ету мақсатында кітапхана қызметкерлері сәуір айының 17 күні «Әр түрлі әліпбидегі кітаптар» атты библиографиялық сабақты №6 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына барып өткізді. Әрі қарай оқу

Ойын арқылы ағылшын тілі

Кітапханада 15 сәуірде «English through games» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Балалар «My house – Менің үйім» тақырыбын өтті. Сабақ ойын түрінде өткізілді. Балалар тіл дағдыларын жетілдірді, сурет салды, ағылшын тілінде өздерінің үйлері туралы әңгімеледі, «Үй» (house, flat), «түсі» (red, blue), «сапа» (big, small) тақырыптары бойынша жаңа сөздерді қолдануды үйренді. Сабақ барысында түрлі-түсті қарындаштарды, тақырыптық кәртішкелерді, түрлі-түсті қағазды және шағын фигураларды пайдаланды.

Бір ел – бір кітап: «Ұшқан ұя»

Сәуір айының 13 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалпы халықтық оқу үшін таңдалған Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі жайлы ой бөлісу, пікір алмасу аясында өтті. Әрі қарай оқу

Ән – көңілдің ажары

Кітапханада сәуір айының 12-і күні қазақтың атақты әншісі, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ән – көңілдің ажары» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешке «Бәйтерек» шипажайында ем алып жүрген балалары қатысты. Әрі қарай оқу

Ғарыш кеңістігіндегі 108 минут

Бүкіл әлем 12 сәуірде Авиация және космонавтика күнін – адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына арналған естелік күнін атап өтеді. Бұл ерекше күн, яғни бүгінде ғарыш саласында жұмыс істейтін барлық адамдардың және ғылымның салтанат құрған күні. Әрі қарай оқу