«Денсаулық — зор байлық»

Кітапханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 5 сәуірде №38 гимназияның 3 «В» сыныбы оқушыларымен «Денсаулық — зор байлық» танымды денсаулық сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Пысық болдым, мінеки!

2018 жылғы 22 наурызда шығармашылығы халықаралық деңгейде бағаланған қазақстандық жазушы Марат Қабанбаев 70 жасқа толар еді. Ол 1990 жылы «Пысық болдым, мінеки! Вот он я – бывалый!» повесі үшін балалар кітабы бойынша Халықаралық кеңес тарапынан (ЮНЕСКО) екі жылда бір рет тағайындалатын Х.-К. Андерсен атындағы Құрмет дипломына ие болды, бұл қазақстандық балалар кітабының халықаралық деңгейде алғашқы танылуы болды. Әрі қарай оқу

Ағылшын сабақтары

Кітапханада 1 сәуірде «English through games-Английский через игры» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Оған 7-11 жас аралығындағы балалар қатысты. Сабақтың басты тақырыбы — мамандықтар туралы. Тақырыптық кәртішкелер қорлданылып, балалар ағылшын тілінде жұмбақтарды шешті, әндер айтты, өздерінің ойларын білдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында сәтті түрде барлық өткен тақырыптарды қайталады. Балалар сабаққа қызыға және барлық ынталарымен қатысты.

«Тәуелсіздік дәуірі» кітабына тұсаукесер

29 наурызда кітапханада Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі. Эра Независимости» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Кітапта мемлекетіміздің негізі қаланған күннен бергі атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылған. Әрі қарай оқу

Ежелгі Гүлістан қаласы

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында Ф.Тамендарованың «Гүлістанның  алтын розасы»  ертегісімен танысып, «Ежелгі Гүлістан қаласын» акварельдің көмегімен бояды.

«Қазақстандықтардың болашағы — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде»

Наурыз айының 27-сі күні кітапханамызда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Қазақстандықтардың болашағы — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде» атты ақпараттық слайд таныстырылым өткізілді. Әрі қарай оқу

«Сиқырлы сандық»

№64 НОМ 4 сынып оқушылары үшін ҚР Жазушылар одағының мүшесі, журналистер мен кино қызметкерлері Ассоциациясы сыйлығының лауреаты Орынбай Жанайдаровтың «Ежелгі Қазақстанның аңыздары», «Ежелгі Қазақстанның мифтері» және «Ежелгі Қазақстанның әңгімелері» кітаптары бойынша «Сиқырлы сандық» медиа-таныстырылымы өткізілді. Әрі қарай оқу

«Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі»

Наурыз айының 19 күні кітапхана қызметкерлері қазақ тілін латын қарпіне көшіру туралы негізгі тезистерімен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты ақпараттық флаерлар дайындап оны тарату акциясын ұйымдастырды. Әрі қарай оқу