Өз қолыңызбен жұмсақ ойыншық жасау оңай емес, алайда ол сіз үшін бөлмеңізді, мүмкін шыршаны безендіруде ерекше заттардың бірі болмақ.
Сондай ойыншық түрін біздің кітапхананың «Free style» арт-шеберханасының оқырмандары Юрий Нестеровпен өткен шеберлік сабағында бірге ілесе отырып қалай жасау керектігін үйренді. Жұмыс қарқынды жүргізілгені сондай, процесс әлі аяқталған жоқ. Келесі демалыс күндері ойыншықты аяқтайтын болады.









