Кітапханада қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Күй – ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал, Құрманғазы – ұлттық мәдениет пен музыканы әлемдік деңгейге көтерген өнер иесі.
Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші өз шығармаларында халықтың тәуелсіздігі пен бостандығы туралы терең ой-толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлері қазақ күй өнерінің жауһар қазынасы қатарында десек, артық айтқандық емес.
Іс-шараға Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің директоры Санжар Ашкенов және №6, №10
жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері, соңына қалдырған мол мұрасының тарихы, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беріліп, көпшілік назарына өмірі мен шығармашылығы жайында бейнежазба ұсынылды.







