Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы 2019 жылы 01.02-28.02 аралығынды «Кітап-рухани қазына» атты айлық ұйымдастырды. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден — бір рухани қазына ордасы –кітапхана.
Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан — жақты дамыған баланы тәрбиелеуге жәрдемдесу.
Осы орайда ақпан айының 01 күні, кітапхана қызметкерлері №92 гимназияға барып, ұстаздар мен 5-6 сынып оқушыларына «Кітап – рухани қазына» презентациясы көрсетілді. Кітапхананың тыныс-тіршілігіне шолу жасап, танымал басылымдарға таныстырылым жасады.





