Кітапханада «Жаз. Балалар. Кітап» жоба аясында «Кітаппен өткен жаз қызық» атты әдеби аула өткізілді. «Әдеби аула» – қарым-қатынасқа, оқуға, пікірталасқа, ойындарға және түрлі викториналарға арналған әмбебап кітапхана алаңы.
Біздің оқырмандарымыз бен мектеп жанындағы лагерь балалары үшін осындай жайлы аула ұйымдастырылды. Балалар қызықты түрлі-түсті кітаптармен, мерзімді басылымдармен танысты. Ойындар ойнап викториналық сұрақтарға жауап берді.










