13 ақпанда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 41 мектеп — гимназия» КММ 6 сынып оқушыларымен қазақ тілін латын қарпіне көшіру жөніндегі «Латын әліпбиіне — жаңа қадам, жаңа жол» оқыту сабағы өткізілді.
Кітапханашы «Бізбен оңай әрі тез» және «Мен үйренемін ойын-сабағы» интерактивті ойындарын пайдаланып, балаларға қазақ сөздерін латынша жазудың негізгі ережелерін меңгеруге көмектесті.
Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың қазақ тілін латын қарпіне көшірудің қажеттілігі мен маңыздылығы туралы білімін кеңейту.





