Кітапханамызда қазан айының 4 күні «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің» кітапхана-ісі бөлімінің 2 курс студенттерімен бірігіп өз туған өлкесі — Қарағанды облысының тарихын, әдебиеті мен өнерін, географиясын, мәдениетін тану мақсатында «Өлкетану библиографиясы – дәуір айнасы» атты библиографиялық сабағы өтті.
Библиографиялық сабақ барысында студенттер Қарағанды өңіріне байланысты анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі («Қарағанды», «Қарқаралы», «Жаңаарқа», «Жезқазған», «Сәтбаев», «Сарыарқа») энциклопедияларымен танысып, өздері туып-өскен өңірі жайында көптеген ақпараттар алды. Осы әдебиеттерді пайдалану арқылы балалармен «Сұңқар» және «Тұлпар» топтары болып «Туған жер тұғырың» атты библиографиялық ойыны ойнатылды. 10 — 50 санына дейін берілген ұяшықтарды таңдау арқылы сол ұяшықтарда берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп ұпай сандарын жинады. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топ марапатталды.





