Ұлттық мәдениет күні аясында 21 маусым күні Н.Әбдіров атындағы мектеп және №45 гимназиясының оқушыларымен бірге «Тәрелкедегі жаз. Әжемнің дұрыс тағамдары» атты аспаздың шеберханасы сабағы өткізілді.
Іс-шарада кітапханамыздың тұрақты оқырманы Гүльсум Жакупбекова әжеміз балаларға сүттен жасалған ұлттық тағамдардың, бірнеше түрi бар екенін оқушыларға әңгімелеп беріп, қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын және жасалу жолдарын көрсетті.
Балалар құртты өз қолдарымен жасап үйренді. Әжеміз шара соңында оқушыларға құрт ұсынды.








