28 мамырда кітапхана оқырмандары, «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері және «Бәйтерек» облыстық балалар шипажайының балалары үшін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: тарих сабақтары» тарихи экскурсы өткізілді.
Біздің өлкеміздің тарихы Қазақстан тарихының қайғылы парақтарымен — 20-30 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін оқиғаларымен тығыз байланысты.
Болашақта өткен қайғылы оқиғалардың қайталанбауы үшін өскелең ұрпақтың адамның қайғылы, шырқы бұзылған тағдыры туралы білгені маңызды.
Іс-шара барысында «Карлаг: боль и память» деректі фильмі көрсетіліп, қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылды.
Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің ғылыми қызметкері Кондрашов Иван Евгеньевич саяси тұтқындар өмірінің баға жетпес фактілерімен бөлісті.





