27 маусымда кітапханада қызықты фактілер күні аясында жазғы лагерінің балаларымен «Бөтелкедегі жұмыртқа», «Резеңке жұмыртқа», «Сүңгуір жұмыртқалар» сынды түрлі тәжірибелер жасалды. Бұл эксперименттерді тіпті үйде жасау өте оңай. Тәжірибелер үшін бізге: сірке қышқылы, бөтелке, суға толы шұңғыл ыдыс және тауық жұмыртқасы қажет.
Тәжірибе соңында балаларға кітапханамыздың кітап қорындағы түрлі қызықты әдістерге арналған ғылыми кітаптар ұсынылды.





