2 қазанда №64 НОМ 2 «а» сынып оқушылары үшін «Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағымен» бірлесе «Жер шарындағы көршілер» танымдық сағаты өткізілді.
Балалар хайуанаттар бағының өкілі Зәуреш Туруханқызының жануарлар мен жәндіктер туралы кездесуге әкелген: мадагаскар тарақаны, жапалақ, тасбақалар, сұр қояндар, улиткалар және басқалары туралы әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Өткізілген іс-шараға қатысқандар Зәуреш Туруханқызының әңгімесінен кейін хайуанаттар бағында қандай жануарлардың бар екені, олар немен қоректенетіні және оларды кім күтетіні туралы білді.
Балалар өткізілген іс-шара барысында жануарлар туралы жұмбақтардың жауабын қызыға шешіп, «Ең сирек кездесетін 10 жануар» бейнеролигін тамашалады.
Соңында фотосессия өткізілді.





