Кітапханада наурыз айының 14-і күні №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларның қатысуымен «Алтын қалам» мен «Дарабоз» әдебиет бәйгесінің жеңімпазы, жазушы Төкен Әлжантегі және журналист, өлке тарихын зертеуші Төрехан Майбас пен шығармашылық кездесу кеш өткізілді. Кеш қонағы Т. Әлжантегі бірнеше кітаптың авторы, жазушы, драматург, ақын және сазгер ретінде Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал, халықаралық Махмұд Қашқари атындағы сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар одағының Төлеген Айбергенов атындағы сыйлығының иегері. Жазушы өз ойларын ортаға салдып, «Жаңаарқа вальсі» әнінің шығу тарихына тоқталды. Әрі қарай оқу