19 қараша күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертхана аясында «Перғауын жыланы» атты шеберлік сыныбы өтті. Химиялық қоспалар, кальций глюконаты мен құрғақ жанғыштың қосылуынан өте қызықты тәжірибе болды. Балалар мен ата-аналар химиялық қоспалардың әр қайсысының өзіндік ерекшеліктерімен таныс болды.
Өткізілген зертханалық тәжірибе қарапайым және қауіпсіз, балалардың бақылау, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға ата-анасымен және достарымен дәл осындай тәжірбиені үйде жасауға ұсынылды.
Зертханалық тәжірибе соңында қызықты химия бойынша кітаптар мен журналдарға тақырыптық шолу жүргізілді.
Speaking club
16 қарашада Абай атындағы балалар кітапханасында сөйлесу үйірмесінің алғашқы сабағы өтті.
«Speakingclub» дегеніміз не? Бұл жай ғана қарым-қатынас жасау емес, бұл нағыз клуб, онда негізінен ауызекі тілде сөйлеу. Бұл қызығушылықтар мен кездесулер клубы, балалар жайлы ортада достар табады, араласады және көптеген қызықты нәрселерді үйренеді.
Бірінші сабағымызда оқушылар бір-бірімен танысып, өздері туралы қызықты деректер айтты, сабаққа белсенді түрде қатысып, тек ағылшын тілінде сөйлесті.
«Еркеме-Ертегім»
Кітапханада 12 қараша күні балалар жазушысы, ақын Қастек Баянбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Еркеме-Ертегім» аты әдеби кеші өткізілді.
Балаларға Қ.Баянбаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, жұмбақтар шешті.
Аталмыш шарада балалар Қ.Баянбаевтың «Көзілдірікті қоян » өленің желісі бойынша «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген мультфильмді көріп тамашалады.
«Кел, қазақша сөйлейік!»
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Табиғат мезгілінің өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында өтті. Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары Абиев Даниил, Айткулов Алькарим қатысты.
Балалар сабақта қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерімен танысып, суреттерді қарап әңгіме құрастырып үйренді.
«Шуақ»
«Шуақ» балалар шығармашылық студиясында кезекті сабақ өткізілді. Атақты жазушы-натуралист Н.И. Сладковтың «Кірпі жолда жүгірді», кітабы бойынша балалар қолдағы бар материалдардан «Кірпі» аппликациясын жасады.
«Көңілді ағылшын»
07 қараша, жексенбі күні «Көңілді ағылшын» үйірмесінің «Ойыншықтар» тақырыбында кезекті сабағы өткізілді.
Кітапхананың жас қызметкері Күміс Болатбекованың көмегімен балалар «Смешарики» мультфильмінің желісімен ойнау арқылы ойыншықтар атауын ағылшын тілінде айтып үйренді.
Бүлдіршіндерге арналған ойын сабақ ағылшын тілін үйренуге бағытталды.
Кітапханамен танысу
Кітапхананың оқырмандар қатары №17, №86 жалпы орта білім беретін мектептің 5-6-сынып оқушыларымен толықты. Бұл мектептердің оқушылары кітапхана іс-шараларына белсенді қатысады.
Балалар дәстүр бойынша қызмет көрсету бөлімдеріне барды. Сондай-ақ ақын-жазушылардың мерейтойларына орай ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты. Абонемент бөлімінде оқушылар қорға жаңадан түскен комикс және танымал фантаст-жазушылардың кітаптарын парақтап қарады.
Кездесу соңында тілек білдірушілер электрондық тіркеуден өтіп, әлеуметтік желілердегі кітапхана парақшаларына жазылды.
Экскурсия
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5 сынып оқушылары күзгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында кітапханаға экскурсияға келді.
Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар, сондай-ақ кітапхана қорындағы ерекше басылымдар «Затерянные цивилизации 4D энциклопедиясы», К. Аниашвили «Большая детская 4D» энциклопедиясы және т.б кітаптармен танысты.
Кітапханашы балаларға «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасады. Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.







































