20 маусым қызықты деректер күндері аясында кітапханада Григорий Потанин атындағы мектебінің оқушыларымен және дамыту орталығының балаларымен тәжірибе өткізілді.
Балалар су, құм, қант және жапырақ үлгілерін зерттеді. Практикалық сабақта олар микроскоп көзге көрінбейтін заттардың үлкейтілген кескіндерін алуға қызмет ететініне көз жеткізді.
Іс-шара соңында балаларға микроскоп микроорганизмдер мен тірі әлем туралы кітаптарға шолу жасалды.
«Оқуға ұсынамыз» букслэм -турнирі
Кітапхана да әр дүйсенбі сайын «Оқуға ұсынамыз» букслэм-турнирі өтеді. Аталмыш шара аясында мектеп жанындағы лагерьде демалушы балалар өздері оқыған кітаптарға жарнама жасауды үйренеді.
Бүгін «Барлық уақыттағы жазушылары» тақырыбында іс-шара өтті. Балалар екі топқа бөлініп, берілген тақырып бойынша кітапты таңдайды, содан кейін олар кітап туралы ең «Қызықты» ұранды ойлап тауып қарсыластарын сюжетпен қызықтыру керек болды.
Шара өте қызықты, көңілді болды. Егер де сіздер жазғы демалыстарыңызды қызық және ерекше өткізгілеріңіз келсе дүйсенбі күні кітапханаға келіңіз!
Әкелер күні
Биылғы жылы маусым айының үшінші жексенбісін елімізде «Әкелер күні» ретінде атап өту туралы Қаулы қабылданды.
Осы мерекеге орай кітапханада «Әкеммен бірге оқимын» атты дауыстап оқу өтті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Хасен Әлім мен Азиз және Печерских Полинаның әкелері «Бірге оқимыз, бірге ойнайық» атты әдеби ойынына қатысып, отбасы туралы қызықты мақал-мәтелдер айтты. Әкелер бос уақыттарын балаларымен қызықты әрі пайдалы етіп өткізді.
Жазғы демалыс жалғасуда!
Кітапханалық мультзал аясында Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясы жанындағы лагерьде демалушы балаларға арналып «Ғажап құс» атты мультфильм көрсетілді.
Мультфильм тоты құс іздеген үш ағайынды жігіт туралы айтылады. Балалар шара соңында «Ертегілер елінде қонақта» атты танымдық викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.
Азық – түлік дүкенінде
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Азық — түлік дүкенінде» тақырыбында өткізілді.
Сабақ барысында балалар азық-түлік дүкені, тағам атауларына байланысты тапсырмалар орындады.Аруна баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырды.
«Қызықты оқу»
Бүгін кітапханада «Ресурс» коррекция орталығының , «BO!» атты отбасылық оқу-білім беру кешенінің балаларына және №64 ЖББМ, Григорий Потанин атындағы ЖББМ оқушыларына арнап «Фолиант» баспасынан шыққан жаңа кітаптарына шолу жасалды.
Оқушыларға Нұр Домбайджи, Росио Бонилья, Яны Седлачкова, Сара Шахинканат, Хендрик Йонас, Джейми Хоган сияқты заманауи балалар әдебиетінің авторларының туындылары ұсынылды. Бұл қаламгерлердің шығармалары көптеген мемлекеттердің жас оқырмандары арасында өте танымал.
Іс-шара соңында балалар «Табиғат жайлы не білесіз?» атты танымдық- викториналық сұрақтарға қатысты.
«Кітаппен өткен жаз қызық» әдеби аула
Перғауын жыландары
«Заманауи кітапханаға» саяхат жасау
Жаз айларында уақыт тауып кітапханаға қонақ болып, келіп қайтуға болады. Алғаш рет кітапханаға аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған № 4 мектеп-интернатының оқушылары келді.
Балалар кітапхананың тарихымен танысып, абонементтер мен оқу залына барып оның мүмкіндіктері туралы білді. Сонымен қатар, балалардың назары кітапхананың кітап қорының алуан түрлілігін ашатын кітап көрмелері қызықтырды.
Кездесу барысында балалар кітапханашыны тек мұқият тыңдап қана қоймай, викториналық сұрақтарға белсене қатысып жауап берді. Қыздар мен ұлдар «Мен кіммін?» ойынын ойнады, балалар бос уақыттарын көңілді және пайдалы өткізді.
«Көңілді ағылшын» үйірмесі
«Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Musical instruments. Музыкалық аспаптар» тақырыбында өтті. Балалар музыкалық аспаптарға байланысты ырғақ сезімін дамытуға арналған ойындар ойнап және түтікшемен әріптерді жинап сөз құрау арқылы ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.











































































