Кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толуына орай «Абай мұрасы мәңгілік — қазына» атты поэзиялық сағат өтті. Шара аясында балалар ақынның бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ, белсенді өмір сүру орталығының «Сәулем — ай» әжелер вокалдық тобы «Көзімнің қарасы» әні мен Қ.Б. Бакраевтың орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әннің қатысушылар назарына ұсынды. Іс-шараға «Океан» даму орталығының балалары қатысты.
Абай күніне арналған мерекелік шарамен «Жаз.Балалар.Кітап» атты ұзақмерзімді жоба биылғы жылға өз жұмысын аяқтайды.






