4 желтоқсанда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы № 88 орта мектептің 3-сынып оқушылары үшін Халықаралық мүгедектер күніне орай «Мейірімділік әлемді құтқарады» мейірімділік сабағын өткізді. Кітапханашы балаларға «жақсылық» пен «қайырымдылық» ұғымдарын және адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасай алатынын еске салды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Махаббат, қайырымдылық, мейірімділік бұл әлемді қатыгездіктен және жек көруден сақтайды. Балалар «Сыпайы сөздер», «Адамгершілік қасиеттер» ойындарына қатысты. Шара соңында оқушылар «Цветик- семицветик» ертегісін тыңдап, талқылап, сыпайы сөздер мен ізгі іс-әрекеттер — әдептіліктің алғышарты екенін айтты.
«Көңілді ағылшын»
«Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «My favourite place. Менің сүйікті жерім» тақырыбында өтті. Балалар қызықты «Қолтырауын» ойынын ойнады, сондай-ақ қаладағы жиі баратын сүйікті жерлері туралы айтып берді.
«Free Style» арт-шеберханасы
«Free Style» арт-шеберханасының кезекті сабағы «Зебра білезігін» жасау тақырыбында өткізілді. Біздің тұрақты оқырман қыздарымыз қарапайым және әдемі білезіктерді ашық әрі нәзік түсті майда моншақтардан жасап үйренді. Білезік дайындауға түрлі-түсті майда моншақ, қайшы, қыл жіп, ине пайдаланды.
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі
Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Ласточка» бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Адамның дене мүшелері» тақырыбында өткізілді.
Сабақ өткізу барысында ойын түрлерін қолдану арқылы адамның иық, қол, аяқ, шынтақ, тізе, табан және т.б. дене мүшелерін қазақ тілінде айтып үйренді. Сабақ соңында бүлдіршіндер жаңа кітаптармен таңысты.
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі
«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар жинақталған «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Қандай киім киемін?» кітапшасын таныстыру мақсатында сабақ өтті.
Үйірме жетекшісі балаларды жыл мезгілдері бойынша киетін киім-кешектің түрлерімен танысты. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар әр түрлі тапсырмалар орындады.
«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» дауыстап оқу
Кітапхананың жас оқырмандары қарағандылық жазушы Марина Алясовамен кездесіп және әлемге әйгілі шығармаларын алғашқы болып тыңдауға тамаша мүмкіндік алды. «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында қонағымыз балаларға «Ветерок» циклі бойынша «Мудрые сказки для детей и взрослых» ертегісін оқып берді.
Марина Алясова иеленген Мария Шевель сыйлығы Еуразиядағы балалар әдебиеті саласындағы ең беделді марапаттардың бірі. Ол «ашық Еуразия» байқауы аясында 2018 жылдан бастап «Балаларға арналған Проза» санатында бірінші орын алған көрнекті авторларға табысталады.
Автордың осы жеңіске жеткендегі шығармалар жинағы балаларға арналған әдебиеттің дамуына және танымал болуына айтарлықтай үлесін қосты. «Ашық Еуразия: Суперкубок» жобасындағы жеңіс және Марина Алясова кітабының Ұлыбританияда шығуы Қазақстан әдебиеті үшін шығармашылықта жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Free style» арт-шеберханасы
Жаңа жылға бір айдан астам уақыт қалды, жас оқырмандардың қатысуымен экологиялық таза материалдарда шырша әшекейлерін жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Сабақты тәлімгер Юрий Нестеров жүргізді. Балалар жұмсақ мақтадан жеңіл және сынғыш емес кішкене суық торғайды жасады. Торғайлар өте әдемі керемет болып шықты.
«Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты лекториі
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Алаш Орда көшбасшыларының, Қазақтың би-шешендерінің мұрасы» атты лекториі ғалымдармен, журналистер және жастардың қатысумен өтті.
Бұл шараны ұйымдастырушылар – «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ және «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ.
Дәріс шешендік өнер туралы жан-жақты мағлұмат берілумен қатар, дұрыс және түсінікті сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Лекторийді Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, әдебиеттанушы ғалым, сыншы Жандос Қожахметұлы Смағұлов жүргізді.
Модератор: «Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясы» ҚБ атқарушы директоры – Санаубаев Серік Мәлібекұлы.
«Қауырсын қалам» әдеби клубы
Кітапханада 19 қарашада «Ненапрасное творчество» атты поэтикалық жиынға «Қауырсын қалам» әдеби клубының балалары өздерінің жаңа өлеңдері оқып ой бөлісу үшін жиналды.
Клуб мүшесі Диана Котляревская Томск облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған (Ресей) «Устами детей говорит мир» балалар мен жастардың әдеби шығармашылығының халықаралық фестиваль байқауына қатысып, «Литературная палитра» номинациясы бойынша диплом иеленді.
Сондай-ақ, клубқа көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 Қарағанды арнайы мектеп-интернатының оқушысы Надежда Коханенко қосылып өзі жазған өлеңдерін оқып берді.
Балалар клубтың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады. Жоспарда көптеген қызықты іс-шаралар, жобалар, сондай-ақ клубқа жаңа ақындар мен жас қаламгерлер тарту.
«Шарды үрлеудің құпиясы»
17 қараша күні «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында №6 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Шарды үрлеудің құпиясы» тәжірибесі өтті.
Бұл тәжірибе үшін сода, сірке суы, шар мен пластикалық бөтелкелер қолданылды. Тәжірибе сода мен сірке суын араластыру кезінде натрий ацетаты, су және көмірқышқыл газын шығаратын химиялық реакцияның қалай жүретінін көрсетеді. Су бөтелкеде қалады, онда натрий ацетаты ериді, ал көмірқышқыл газы шарға түсіп, оның көлемін толтырады. Нәтижесінде шар біртіндеп үріледі.
Тәжірибе өте қарапайым, бірақ оны үйде тек ересектердің бақылауымен жасауға болады!
Эксперименттен басқа, балаларға кітапхана қорындағы түрлі химиялық, биологиялық, физикалық эксперименттерге арналған кітаптарға шолу жасалды.
Біздің кішкентай зертханашыларымыз тамаша әсер алды!



































































