Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат

Наурыз айының 5-і күні ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері №41 ЖББОМ  барып 8-9 сынып оқушыларының қатысумен  «Елбасы әр Жолдауы –  тарихи құжат» атты әңгіме өткізді. Кітапханашы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт оқушыларға жеке-жеке талдау жасап түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» атты презентация көрсетілді.Әңгіме танымдық тұрғыда маңызды болып, оқушылар мен ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Жолдау мазмұнын ашатын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыптық сөреге шолу жасаумен аяқталды.

Жәдігер

2018 жылғы 28 ақпан сағ.13.00-де «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы қала мектептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына арналған «Жәдігер» өлкетану-зерттеу клубының ашылуын өткізді. Әрі қарай оқу

«Біз — қазақстандықпыз»

28 ақпан күні кітапханамызда «Біз — қазақстандықпыз» атты интеллектуалды- танымдық ойын өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы №58 мектептің 3 «а» сынып оқушылары келіп қатысты.

Іс-шара барысында балаларға Қазақстан туралы қызықты деректер видеоролик түрінде көрсетіліп, «Менің Отаным- Қазақстан» атты слайд таныстырылды. Сондай-ақ балалар Қазақстан туралы сөзжұмбақтың жауабын латын қарпін пайдалана отырып шешті.

«Шешен-ингуш әдебиеті мен мәдениеті»

22 ақпанда №54, №25 ЖББОМ 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Шешен-ингуш әдебиеті мен мәдениеті» танымдық бағдарламасы өткізілді. Іс-шарада шешен және ингуш ұлттарының салт-дәстүрі, әдебиеті, мәдениеті жөнінде сөз қозғалды. Әрі қарай оқу

Ынтымақтастыққа қадам

22 ақпанда Абай атындағы кітапхана Қарағанды қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен №62 ЖОББМ базасында өткізілген білім беру мекемелері басшыларының кеңейтілген мәжілісі аясында қала мектептері мен мектепке дейінгі мекеме директорларының алдында «Қарағанды қаласының мектептері мен Абай кітапханасы арасындағы ынтымақтастық» жобасының таныстырылымын өткізді. Әрі қарай оқу

«Мейірімді бота»

Оқырмандар «Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында қазақстандық жазушы Татьяна Квятковскаяның «Сказки от бабушки Еркимай» сериясымен шыққан «Ботагоз, Акбота и упавшая звезда» ертегісімен танысты.

Түрлі-түсті қарандаш және қағаздың көмегімен «Мейірімді бота» бейнесін бастырма әдісі арқылы жасады.

«Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні»

Кітапханада 21 ақпанда №1 гимназия, №58 ЖББОМ 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні» өткізілді.

Поляк халқының мәдениетімен, тұрмысымен, әдебиетімен және тарихымен таныстыру үшін поляк тілінің оқытушысы пани Собишек Веслава Барбара, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының өкілдері Сосновская Виктория мен Аймагамбетов Станислав шақырылды. Әрі қарай оқу