Кітапхананың оқырмандар қатары №17, №86 жалпы орта білім беретін мектептің 5-6-сынып оқушыларымен толықты. Бұл мектептердің оқушылары кітапхана іс-шараларына белсенді қатысады.
Балалар дәстүр бойынша қызмет көрсету бөлімдеріне барды. Сондай-ақ ақын-жазушылардың мерейтойларына орай ұйымдастырылған кітап көрмелерімен танысты. Абонемент бөлімінде оқушылар қорға жаңадан түскен комикс және танымал фантаст-жазушылардың кітаптарын парақтап қарады.
Кездесу соңында тілек білдірушілер электрондық тіркеуден өтіп, әлеуметтік желілердегі кітапхана парақшаларына жазылды.









