«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жылдық қортынды сабағы «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыбында болды.
Шараның мақсаты: Балалардың өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Бүлдіршіндерге туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу, балаларға патриотизм сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» жайлы тақпақтарды мәнерлеп оқып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.









